Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № А-8/191 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақкөл ауданы Азат ауылының әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 1817,7 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2028 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.

      3. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.

      4. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      5. "Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      6. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы __________ №________
қаулысына 1 қосымша

"Met Miner" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№ р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

кадастрлық нөмірі

қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

"Азат Агро" ЖШС

01-001-012-208

338,5

338,5


2

"Алтын жер 2020" ЖШС

01-001-012-066

405,7

405,7


3

"Азат Агро" ЖШС

01-001-012-207

946,3

946,3


4

Азат ауылының босалқы жерлері

-

127,2

127,2



Жиыны


1817,7

1817,7



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады