"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ Атбасар ауданының аумағындағы жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Әлімжанов |
| Бекітілген Атбасар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "13" 08 № а-8/157 қаулысымен |
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ Атбасар ауданының аумағындағы жеңілдіктер мөлшері
№ | Азаматтардың санаттары | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары | Тегін |
3 | Балалар үйінің мектеп оқушылары | Тегін |
4 | Ардагер спортшылар | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50% мөлшерінде жеңілдіктер |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50% мөлшерінде жеңілдіктер |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50% мөлшерінде жеңілдіктер |
*Ескерту: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық нысандарға қолданылады.