Астрахан ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 31 шiлдедегi № А-8/127 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астрахан ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары П.Ю. Барахоеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Ерсейітов

  Астрахан ауданы
әкімдігінің
20__ жылғы "__"________
№ ___/__ қаулысына
қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

№

Азаматтардың санаттары

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көпбалалы отбасылардан шыққан оқушы балалар

Тегін

3

Балалар үйінің оқушы балалары

Тегін

4

Ардагер спортшылар

Тегін

5

Мектеп оқушылары

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдіктер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады