Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер беру комиссиясының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 шешімінің және "Казахалтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 14 қантардағы № ЗТ-2026-00136127, шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішінің (қауымдық сервитут) негізінде Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Уәлихан ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "Казахалтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 4,4 га, жер учаскесін алып қоймай, 3 жылға дейін мерзімге, технологиялық жол салу және оған қызмет көрсету үшін, жария сервитут белгіленсін.
2. "Казахалтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі технологиялық жол салу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесін пайдалану кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Біржан сал ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Қасенов |