"Urker Minerals Ltd." жеке компаниясына Зеренді ауданындағы, Алексеевка кентінде қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № А-3/162 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 хаттамасы, 2026 жылғы 25 ақпандағы № KZ38VBG01731678 жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Urker Minerals Ltd." жеке компаниясына Зеренді ауданындағы, Алексеевка кентінде орналасқан жалпы ауданы 73 га жер теліміне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 23 тамызға дейін шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.

      2. Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларын жүргізген кезде,"Urker Minerals Ltd." жеке компаниясына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Дәукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Құрманғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады