"Көкше-Тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/183 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 33 хаттамасына, 2026 жылғы 13 наурыздағы № KZ10VBG01739651 жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көкше-Тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 0,0022 га жер теліміне ӘЖ-10 кВ электр беру желісіне қызмет көрсету үшін (№ 43 ӘЖ-10 кВ "Алексеевка" дәнекерлеу "Конысбай" 35/10 кВ КС № 7 ұяшық) 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.

      2. ӘЖ-10 кВ электр беру желісіне қызмет көрсету үшін (№ 43 ӘЖ-10 кВ "Алексеевка" дәнекерлеу "Қонысбай" 35/10 кВ КС № 7 ұяшық) қызмет көрсеткен кезде "Көкше-Тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Дәукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Құрманғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады