Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2026 жылғы 14 ақпандағы отырысының № 4 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 14 сәуірдегі № KZ42VBG01752849 бұйрығы негізінде, Қонысбай ауылдық округінің әкімі:
1. "Көкшетау Энерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округі Қонысбай ауылында, Бірлік көшесі (бұрынғы Единства көшесі), Мәлік Ғабдуллин көшесі, Абай Құнанбаев көшесі, Бейбітшілік көшесі схемасына сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0034 га, 5-01 ЖКО-дан 0,4 кВ ӘЖ қызмет көрсету үшін, 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығына (жария сервитут) ұсынылысын жобасын бекіту туралы.
2. Қонысбай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 сәуірдің № 12 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонысбай ауылдық округі бас маман Б. Шалабаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ж. Есләмбеков |