Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Балкашин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жер учаскелерін алып қоймай, 3 жыл мерзімге, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, жалпы ауданы 0,00582 гектар мекенжайы орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін, "Халық банк" объектісіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін.

      2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы "Халық банк" объектісіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Д. Джахин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады