Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 597 бұйрығы

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы 24 тамыздағы
№ 597 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) әскери қызметші үшін негізгі көрсеткіш – ішкі істер органының қызметі негізінде қалыптасқан және әскери қызметшіні қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі бойынша бағалауға бағытталған көрсеткіш;

      2) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – цифрлық кадр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы ішкі істер органы әскери қызметшісінің (бұдан әрі – әскери қызметші) кәсіби құзыреттіліктерге, сондай-ақ әскери лауазым үшін негізгі көрсеткіштерге және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректерге (өлшемшарттарға) негізделген кәсіби әлеуетінің нысандалған сандық мәні;

      3) синтез әдісі – объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және шамаларды бірыңғай тұтастыққа біріктіру тәсілдері мен заңдылықтарының жиынтығы;

      4) талдау әдісі – объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және шамаларды құрамдас бөліктерге бөлу тәсілдері мен заңдылықтарының жиынтығы.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері

      3. Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу талдау және синтез әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      Талдау әрбір өлшемшартты жеке қарастырып, одан әрі әскери қызметшінің рейтингіне балл беру арқылы жүргізіледі.

      Синтез әскери қызметші рейтингінің қорытынды балын алуға мүмкіндік беретін барлық өлшемшарттарды талдау нәтижелерін біріктіру арқылы жүзеге асырылады.

      4. Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттері келесі лауазымдар бойынша белгіленеді:

      1) сержанттық құрам;

      2) офицерлік құрам.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген лауазымдағы әскери қызметшінің кәсіби құзыреттері мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:

      Оң өлшемшарттар:

      1) Білімі:

      Сержанттық құрам үшін:

      орта – 0,25;

      техникалық және кәсіптік – 0,5;

      техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша әскери (әскери колледждер) – 1;

      жоғары – 1; магистратура – 0,5; жедел-тактикалық деңгейдегі магистратура – 0,5. Офицерлік құрам үшін: жоғары – 1; магистратура – 0,5; PhD докторы – 1; ғылым кандидаты – 0,5; ғылым докторы – 1; жедел-тактикалық деңгейдегі магистратура – 0,5; жедел-стратегиялық деңгейдегі магистратура – 1.

      2) соңғы 5 жыл ішіндегі тиісті қызмет бейіні бойынша біліктілікті арттыру (мемлекеттік аккредитациясы бар ұйымдар берген сертификаттар) – біреуі үшін 0,1, 2 және одан көп болған жағдайда – ең көп дегенде 0,2, халықаралық үлгідегі сертификат – бір сертификат үшін 0,25, 2 және одан көп болған жағдайда – ең көп дегенде 0,5, әскери оқу орындарының жанындағы жоғары академиялық курстар бүкіл кезең үшін – 0,25.

      3) ҚАЗТЕСТ нәтижелері бойынша мемлекеттік тілді меңгеруі (В2 деңгейінен төмен емес қолданыстағы сертификат болған жағдайда):

      В2 (ортадан жоғары) – 0,25; С1 (жоғары) – 0,5.

      4) қолданыстағы сертификатпен расталған шетел тілін білуі (тілді еркін меңгеру деңгейі С2– әр тіл үшін 0,5).

      5) әскери/құқық қорғау/мемлекеттік/ қызметтегі әр жыл үшін өтілі:

      тактикалық деңгейдегі әскери басқаруда/аудандық (ауданаралық) деңгейде – 0,1;

      жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) әскери басқару деңгейде/облыстық (облысаралық) деңгейде – 0,15;

      жедел-стратегиялық әскери басқару деңгейде/орталық мемлекеттік органдарда – 0,2.

      Оның ішінде басшылық лауазымдарда:

      тактикалық деңгейдегі әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) және олардың орынбасарлары лауазымдарында әр жыл үшін, аудандық (ауданаралық) деңгейдегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары әр жыл үшін – 0,2;

      өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары (бастықтары) және олардың орынбасарлары, жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) әскери басқару органдары құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары (дербес) / облыстық (облысаралық) деңгейдегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарында әр жыл үшін – 0,25;

      Бас қолбасшы және оның орынбасарлары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жедел-стратегиялық деңгейіндегі бас басқармаларының (басқармалар) бастықтары, құрылымдық бөлімшелердің (дербес) бастықтары және олардың орынбасарлары лауазымдарында/орталық мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында әр жыл үшін-0,3;

      мемлекеттік қызметтен тыс әр жыл үшін – 0,1, оның ішінде басшылық лауазымдарда әр жыл үшін – 0,2.

      6) функционалдық бағыттар бойынша жұмыс өтілі (мансаптық өсу) (осы мемлекеттік органның жетекшілік ететін саласындағы келесі төмен тұрған лауазымдағы үздіксіз жұмыс өтілі, кемінде 1 жыл, әр жыл үшін – 0,5).

      7) кадрлық резерв (Президенттік жастар кадр резервінде тұрған - 1).

      8) аттестаттау нәтижелері:

      атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 0,75;

      атқаратын лауазымына сәйкес келеді және жоғары лауазымға ұсынылады – 1.

      9) наградалар:

      мемлекеттік наградалар – 1;

      10) әлеуметтік қоғамдық қызмет және қабілеттер:

      волонтерлік – 0,25;

      республикалық деңгейден төмен емес жүлделі орындар алған ғылым, мәдениет, спорт, өнер және спорт салаларындағы қабілеттері – әрбір жүлделі орын үшін 0,25 (балл тек ресми іс-шараларда жүлделі орындарды иеленгенін растайтын дипломдар мен грамоталар негізінде есептеледі).

      Теріс өлшемшарттар:

      1) тәртіптік жазалар (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымнан төмендету – әрбір жаза үшін -0,25, егер 4 және одан көп жаза алған жағдайда – -1) қолданылған сәттен бастап бір жылдан аспайтын белгіленген кезеңмен есепке алынады.

      2) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және қызметтік әдепті бұзу (мерзімсіз) – әр теріс қылық үшін - 0,5, егер 4 және одан да көп болса – -1.

      3) аттестаттаудың теріс нәтижелері:

      қайта аттестаттауға жатады – -0,25;

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады – - 0,5;

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан шығару ұсынылады – - 1.

      4) қызметтен шығару туралы мәліметтер (тексеру нәтижелері бойынша, өз еркімен, тәртіптік жазалау тәртібімен, аттестаттау шешімі бойынша әскери қызметтен шығару туралы мәліметтер – -1).

      5) қарамағына шығару (2 айдан артық қарамағында болса – - 0,5).

      6) құқық бұзушылықтар (лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік жазалар – әрқайсысы үшін – 0,5, егер 3 және одан көп болса – -1,5).

      7) Қылмыстық құқық бұзушылық – - 2.

      6. Әскери қызметшінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (жеке рейтинг) есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің рейтингінде көрсетіледі.

      7. Әскери лауазымдарға тағайындау мәселесін қарастыру кезінде әскери қызметшінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымға кандидаттың/тардың рейтингінде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары әскери
қызметшілерінің кәсіби
құзыреттіліктерін, негізгі
көрсеткіштерін және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін
(цифрлық рейтингін) анықтау
қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша

Әскери қызметшінің рейтингі (Жеке рейтинг)

Рейтинг

 

ТАЖ

 

Жасы


Туған күні


Туған жері


Мекеме


Бөлініс


Лауазым


Білімі

Оқу орнының атауы


Мамандық


балл


Ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы


балл


Біліктілікті арттыру


балл


Жоғары академиялық курстар әскери оқу орындарында


балл


Мемлекеттік тілді меңгеру ҚАЗТЕСТ нәтижелері бойынша


балл


Шетел тілдерін білу


балл


Еңбек өтілі

мемлекеттік қызметте:


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


құқық қорғау қызметі лауазымдарында:


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


әскери қызмет лауазымдарында (жалпы еңбек өтілі):


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


в т.ч. на руководящих должностях


балл


мемлекеттік қызметтен тыс


соның ішінде жетекші қызметтерде


балл


функционалдық бағыттар бойынша жұмыстар (мансаптық өсу) (қадағаланатын саладағы келесі төмен тұрған лауазымда кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс өтілі)


балл


Кадрлық резерв ЖПКР/РКР/ҚҚОБПР/ҚКПР


балл


Мамандық құзыреттіліктерін, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау/тестілеу


балл


Жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерді бағалау


балл


Қызметтің оң бағасы


балл


Аттестацияның оң нәтижелері


балл


Наградалардың болуы


балл


Жетістіктер


балл


Әлеуметтік қоғамдық қызмет және қабілеттер


балл


Жұмыстың оң нәтижелері халықаралық, мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде басшылық тарапынан атап өтілді


балл


Тәртіптік жазалардың болуы


балл


Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқықбұзушылықтардың және қызметтік этиканы бұзудың болуы


балл


Теріс аттестация нәтижелері


балл


Қызметтің теріс бағасы


балл


Жұмыстан босату туралы мәліметтер


балл


Құқық қорғау органының қарамағына шығару


балл


Құқық бұзушылықтар


балл


Теріс сипаттама


балл


  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдары әскери
қызметшілерінің кәсіби
құзыреттіліктерін, негізгі
көрсеткіштерін және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін
(цифрлық рейтингін) анықтау
қағидалары мен әдістеріне
2-қосымша

______________________________ лауазымына кандидаттың/тардың рейтингі

Рейтинг


ТАЖ


Жасы


Туған күні


Туған жері


Мекеме


Бөлініс


Лауазым


Білімі

Оқу орнының атауы


Мамандық


балл


Ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы


балл


Біліктілікті арттыру


балл


Жоғары академиялық курстар әскери оқу орындарында


балл


Мемлекеттік тілді меңгеру ҚАЗТЕСТ нәтижелері бойынша


балл


Шетел тілдерін білу


балл


Еңбек өтілі

мемлекеттік қызметте:


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


құқық қорғау қызметі лауазымдарында:


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


әскери қызмет лауазымдарында (жалпы еңбек өтілі):


саяси лауазымдарда


ОМО


соның ішінде жетекші қызметтерде


облыстық деңгейде


соның ішінде жетекші қызметтерде


аудандық деңгейде


в т.ч. на руководящих должностях


балл


мемлекеттік қызметтен тыс


соның ішінде жетекші қызметтерде


балл


функционалдық бағыттар бойынша жұмыстар (мансаптық өсу) (қадағаланатын саладағы келесі төмен тұрған лауазымда кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс өтілі)


балл


Кадрлық резерв ЖПКР/РКР/ҚҚОБПР/ҚКПР


балл


Мамандық құзыреттіліктерін, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау/тестілеу


балл


Жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерді бағалау


балл


Қызметтің оң бағасы


балл


Аттестацияның оң нәтижелері


балл


Наградалардың болуы


балл


Жетістіктер


балл


Әлеуметтік қоғамдық қызмет және қабілеттер


балл


Жұмыстың оң нәтижелері халықаралық, мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде басшылық тарапынан атап өтілді


балл


Тәртіптік жазалардың болуы


балл


Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқықбұзушылықтардың және қызметтік этиканы бұзудың болуы


балл


Теріс аттестация нәтижелері


балл


Қызметтің теріс бағасы


балл


Жұмыстан босату туралы мәліметтер


балл


Құқық қорғау органының қарамағына шығару


балл


Құқық бұзушылықтар


балл


Теріс сипаттама


балл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады