"Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 440 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 176 "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының төрағасы
А. Даржанова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 440 шешімімен бекітілді

"Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мәслихат аппараты) мәслихатты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ететін, депутаттарға олардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппаратына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен және аппарат басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Тахауи Ахтанов көшесі, 50 үйі, индекс 030000.

      10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасау;

      мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, мәслихат органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың және оның органдарының қарауына енгізілетін шешімдер жобаларын, өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссиялары мен органдарының отырыстарын өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; мәслихаттың, оның төрағасының, мәслихат органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың қызметін ақпараттық сүйемелдеу және оның қызметі туралы халықты ақпараттандыру;

      мәслихат пен оның органдарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді және құжаттардың архивтік сақталуын ұйымдастыру;

      депутаттық сауалдарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен петицияларды қарауды ұйымдастыру;;

      мәслихат аппаратының қызметін кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      мәслихат шешімдерінің жариялануын және оларды мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;

      мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мәслихат аппаратының басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      21. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады