Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4 тармағының 7-1 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 31, 37- баптарын басшылыққа ала отырып, "Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан" өтініші негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан" филиалына, Алға ауданы Қарақобда ауылдық округі, Қарағаш ауылдық округі, Тамды ауылдық округі, Қарабұлақ ауылдық округі жер учаскелері шегінде жалпы көлемі: 553 гектар жер учаскесінде жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып коймай геологиялық зерттеу және көмірсутектерді барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2032 жылдың 1 тамызына дейін уақытша өтеулі ұзақ мерзім құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды камтамасыз етсін.
3. "Актөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізіп, жер учаскелерін жалға алу туралы келісім шарт жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа еңгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Шуиншалиев |