Техногенді сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 28 тамыздағы Қарасай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі аумағында ауа райы жағдайының нашарлауы және Ақсай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қалыптасқан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, Қарасай ауданының халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру мақсатында Қаскелең қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына реновация жүргізу қарастырылсын.

      2. Төтенше жағдайды жою, сондай-ақ аудан аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, жеке құрамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасау және бөлімшенің жедел қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қаскелең қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында реновация жұмыстарын жүргізу қажеттігіне байланысты, объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ақылбекке жүктелсін .

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж.Естенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады