Шарын ауылдық округі Шарын ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 01-04/21 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай:

      1) төртінші көшесіне – Сұлтан Бейбарыс көшесі;

      2) он бірінші көшесіне – Қажымұқан көшесі атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады