"Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 34-91 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" №590 қаулысына сәйкес, Алатау в қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Алатау қаласы мәслихатының шешімі 2024 жылғы 23 ақпандағы № 1-4 "Алатау қаласы мәслихатының "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы";

      2) Алатау қаласы мәслихатының шешімі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 23-64 "Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 1-4 "Алатау қаласы мәслихатының "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы".

      3. Осы Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құзырлы органда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету Алатау қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы Бахыт Болатқызы Болатоваға жүктелсін.

      4. Осы шешiм қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Р. Абилова

  Алатау қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 34-91 шешіміне қосымша

"Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты), Алатау қаласы мәслихатының, оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Алатау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040714, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алатау қаласы, Жетіген ықшам ауданы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 2 ғимарат.

      10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: негізгі мақсаты – мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сондай-ақ депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдем көрсету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасау;

      мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

      депутаттардың сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жіберу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру

      15. Функциялары:

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ құқықтық, әдістемелік және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, қалалық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес Мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мәслихат аппаратының басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-1-бабына сәйкес:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

      19. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады