"BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 126 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 16, 71-1, 140-баптарына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 4 маусымға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 881 га жер учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін Жаңасемей ауданының Ертіс және Достық ауылдық округтерінің аумағында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан жария сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы әкімдігінің 24.08.2026 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізілсін.

      3. "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер учаскесіне жария сервитут шартын осы қаулының 1-тармағына сәйкес жасалуы қамтамасыз етілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады