"BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 140 қаулысы

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 126 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "BayOrda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 4 маусымға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 881 га жер учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін Жаңасемей ауданының Ертіс және Достық ауылдық округтерінің аумағында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан жария сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли

  Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы "___" _______
№____________қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы "28" шілдедегі
№126 қаулысына
қосымша

Жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы

№ р/с Нысаналы мақсаты Жер учаскелерінің санаты Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың атауы Жария сервитут белгіленетін алаңы (гектар)

 
1

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қызмет көрсету үшін

Ертіс ауылдық округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

"Абай облысы Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

 
2

Магистральдық, станциялық және кірме теміржол жолдарын пайдалану үшін

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын өзге де жерлер
 

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
 

54,7321

 
3

Жалпақ-Талды учаскесінің әуе байланыс желісіне қызмет көрсету үшін
 

Ертіс ауылдық округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
 

0,058

 
4

Жалпақ-Талды учаскесінің әуе байланыс желісіне қызмет көрсету үшін

Достық ауылдық округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
 

0,0285


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады