"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 639 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

      15-тармақтың:

      77) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85) және 86) тармақшалармен толықтырылсын:

      "78) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;

      79) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;

      80) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      81) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;

      82) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      83) Комитетке бекітіліп берілген салаларда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      84) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      85) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;

      86) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитет басшысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен Комитет басшысы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитет басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасарлары болады.";

      19-тармақтың:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) заңнамаға сәйкес Комитет басшысының орынбасарларын, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.".

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) белгіленген тәртіпте Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады