Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 57/312-VIII "Семей қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1. Шешімнің тақырыбындағы "шығыстардың" деген сөз "жарналардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
1.2. Шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылы с министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36907 болып тіркелген) сәйкес Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".
1.3. Шешімнің 1-тармағындағы "шығыстардың" деген сөз "жарналардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
1.4. Шешімнің 1-тармағындағы "автотұрақ орны, қойма" деген сөздер алынып тасталсын.
Шешімге қосымшада:
2.1. тақырыбындағы "шығыстардың" деген сөз "жарналардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
2.2. мәтін бойынша "кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері" деген сөздер тиісті септіктерде "кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36907 болып тіркелген)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Сагандыков |