Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімінің 24.09.2026 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына, 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес және Үржар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Үржар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асуына байланысты Абай облысы Үржар ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Үржар ауданы әкімінің орынбасары Анет Биржанович Турлыбеков тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың басшысы болып Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нурзат Маулетович Бурибаев тағайындалсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Чакинов |