"Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 Абай облысы Үржар ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар ауданы әкімінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Үржар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Үржар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2026 жылғы 21 қыркүйектегі №1 Абай облысы Үржар ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н. Чакинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады