Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” 27 бабына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген “Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес, Мақаншы ауданының аумағында стацтонарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының жұмыс органы болып Мақаншы ауданының “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ-сі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | Д. Койгельдин |
| Мақаншы ауданы әкімдігінің "12" 08 2026 жылғы № 124 қаулысына 1-қосымша |
Мақаншы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Ауылдық округ атауы | Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты оранласу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауданы жүзеге асыру кезеңі, жыл | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұсақ тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері бар болған жағдайда) |
1 | Мақаншы | Қабанбай көшесінің бойындағы "Мирас" дүкенінің сол жағы | 100 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Мирас" азық-түлік дүкендері |
2 | Қарабұлақ | Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 200 метр | 157 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
3 | Қарабұлақ | Қарабұлақ ауылының іші | 320 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Мадияр" "Мөлдір" және "Ел Маржан" азық-түлік дүкендері |
4 | Қаратал | Қаратал ауылының аялдамасының оң жағы | 12,5 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жок |
5 | Көктерек | Көктерек ауылы, Б.Момышұлы көш.№ 10 | 20 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Айгерім" азық-түлік дүкені |
6 | Ақшоқы | Ақшоқы ауылы, Ә.Найманбайұлы көш.№ 78 | 25 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Арайгүл" азық-түлік дүкені |
7 | Қабанбай | Қабанбай ауылы, Чыбынтаев көш. № 3 | 15 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Мерей", "Нұр" дүкені |
8 | Қарабұта | "Байтерек" саябағының алдында аялдаманың оң жағында | 12 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
9 | Қаратұма | Абай көшесінің бойында орналасқан аялдаманың оң жағы | 10 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
10 | Коктал | Кеңс көшесі "Жастар" саябағының алды | 5,2 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
11 | Келдімұрат | Ибраев көшесінің бойында орналасқан аялдаманың оң жақ жаны | 10 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
12 | Алакөл көлінің жағалауы | ТЖБ филиалы және "Қожақұл" демалыс үйінің арасындағы сауда-саттыққа арналған жаңа "Арбат" | 13 000 | 5 | Әр түрлі тауарлар (азық-түлік/азық-түлік емес) | ТЖБ филиалы және "Қожақұл" демалыс үйі |
13 | Алакөл көлінің жағалауы | "Ақорда" демалыс үйінен солтустік-шығысқа қарай 100 м | 400 | 5 | Әр түрлі тауарлар (азық-түлік/азық-түлік емес) | жоқ |
14 | Алакөл көлінің жағалауы | "Дина" және "Дорожник" демалыс үйлерінің ортасы | 40 | 5 | Әр түрлі тауарлар (азық-түлік/азық-түлік емес) | "Дина" және "Дорожник" демалыс үйлері |
15 | Алакөл көлінің жағалауы | Демалыс саябағы мен жер учаскесінің арасы | 50 | 5 | Әр түрлі тауарлар (азық-түлік/азық-түлік емес) | жоқ |