"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 351 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің басшысы орынбасарларын, мемлекеттік қызметшілерін, аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады, Комитеттің басшысы орынбасарларын, мемлекеттік қызметшілерін, аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, оларға демалыс беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына үстемеақылар тағайындау, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ, көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;".

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр А. Ертаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады