"Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 233/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 12 қыркүйектегі № 361 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйегіндегі № 560/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 141 бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 233/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобасы (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске қосылсын.

      Пилоттық жобаны жүргізу субъектілері ретінде Ақтөбе (келісім бойынша), Қарағанды (келісім бойынша) және Павлодар (келісім бойынша) облыстарының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (келісім бойынша), Ақтөбе (келісім бойынша), Қарағанды (келісім бойынша) және Павлодар (келісім бойынша) облыстарының қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері айқындалсын.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – алгоритм) бекітілсін.

      3. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері пилоттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мүгедектігі бар адамдарға жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (бұдан әрі - ОТҚ) қамтамасыз ету бойынша өтеусіз пайдалану жағдайын және қайтару тәртібін айқындайды.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27.ОТҚ жұмыс істеу кезеңінде осы Алгоритмге 1-қосымшаның 1-7, 20, 21 және 32-44-тармақтарында көрсетілген ОТҚ-ға жөндеу бойынша қызметтер көрсетіледі.";

      көрсетілген Алгоритмдегі 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары мен Алматы
қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану
және қайтару шарттарымен
берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне
1-қосымша";

      көрсетілген Алгоритмдегі 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану
және қайтару шарттарымен
берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаныіске асыру алгоритміне
2-қосымша";

      көрсетілген Алгоритмдегі 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне
3-қосымша";

      көрсетілген Алгоритмдегі 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне
4-қосымша";

      көрсетілген Алгоритмдегі 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары мен Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне
5-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 24 мамырға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
_____А. Ертаев
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
_____Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтөбе облысының әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды облысының әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облысының әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаланың әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады