Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 31 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы № 62-6 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылының шекараларының жалпы көлемі 1415,8892 гектар болып белгіленсін.

      2. Қошқарата ауылдық округі Қызтоған ауылының шекараларының жалпы көлемі 1844,6917 гектар болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы ауданының әкімі _____________Ж. Мұртаза
      Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы _____________ З. Бүрлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады