Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Kazakhstan Discover Mining Company Ltd жеке компаниясына Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бетпақдала жер қоры жерінен жалпы алаңы 1699,0825 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2031 жылдың 22 қаңтарына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Kazakhstan Discover Mining Company Ltd жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Нурадинов |