Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 84/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Uly Dala Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 911,0801 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 4 сәуіріне дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Uly Dala Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. "Uly Dala Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.

      4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Аманжолов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 84/01 қаулысына қосымша

"Uly Dala Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

Мырзанбеков Асемхан Калиякпарович

09-102-031-088

792,63

2

"Golden sky" (Голден скай) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-031-167

17,9127

3

Ерденбеков Бекзат Мухтарханович

09-102-031-162

83,9768

4

Қусақ ауылдық округінің жерлері


16,5606


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады