"Bay-Bau Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 21 шiлдедегi № 231 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Bay-Bau Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 12 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 1107,0450 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "Bay-Bau Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі С.Мусин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "___"_____ ________
№ _____ қаулысына қосымша

"Bay-Bau Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Мадиев Адилет Кудайбергенович

09:133:052:220

1023,0000

66,8570

2

Абильдинова Меруерт Лукмановна

09:133:052:207

808,9991

0,9258

3

Абильдинова Меруерт Лукмановна

09:133:052:208

162,2980

44,2022

4

"Алтай полиметаллы"ЖШС

09:133:052:179

46,1100

6,6204

5

Абильдинова Меруерт Лукмановна

09:133:052:209

243,2464

125,2735

6

"Алтай полиметаллы"ЖШС

09:133:051:410

2,7303

0,2510

7

"Алтай полиметаллы"ЖШС

09:133:052:305

0,0807

0,0264

8

"Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

09:133:052:138

40,9552

8,7835

9

Ахметжанов Нургелды Берикбаевич

09:133:052:094

1291,4300

707,0895

10

"Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

09:133:051:338

12,8317

0,7542

11

Шарықты ауылдық округі

09:133:052


16,1740

12

Ауыл Теректы

09:133:051


130,0875


Барлығы



1107,0450


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады