Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес және Осакаров ауданы прокурорының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі шығыс № 2-0818-26-01069 наразылығы негізінде аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44/437 "Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарының 4 тармағы 11) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"11) осы Жоспарға 15-қосымшаға сәйкес Осакаров ауданы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін жүктеме нормасы.";
Осакаров ауданының аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Саккулаков |
| Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы "22" қыркүйек № 55/525 шешіміне 15 қосымша |
|
| Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы "30" қантардағы № 44/437 шешіміне қосымша |
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы:
Аудан | Табиғи аймақ | Экологиялық географиялық аудандар (кіші аймақтар) | Жайылым типі (басымы) | Жайылым кезеңінің ұзақтығы, күн | Қалпына келтірілген және деградацияланған алқаптардағы ауыл шаруашылығы жануарларының 1 басына арналған жайылым алаңының нормасы, гектар | |||||||
Ірі қара мал | қой мен ешкілер | жылқылар | түйелер | |||||||||
қалпына келтірілген | деградация ланған | қалпына келтірілген | деградация ланған | қалпына келтірілген | деградация ланған | қалпына келтірілген | деградация ланған | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Осакаров | Далалы | Орташа құрғақ дала | Сортаң жерлердегі көделі - бетегелі, жусанды - көкпектілер | 180-190 | 13,0 | 19,0 | 2,6 | 3,8 | 15,6 | 22,8 | 18,2 | 26,2 |