2026 жылы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 78 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026жылы "Жалағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі" коммуналдықмемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2026 жылы "Жалағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет және өнерді дамыту орталығы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. 2026 жылы "Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің "Жалағаш аудандық жабық бассейні" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Ибраимов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 78 қаулысына 1-қосымша

2026 жылы "Жалағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарларлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

№

Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік бағасы, теңге

1

Көрермендер залына кездесу, жиналыс өткізу

1 сағат

30000

2

Көрермендер залына еске алу, мерейтой шараларын өткізу

1 сағат

30000

3

Көрермендер залында концерт, спектакль қою, көңілді тапқырлар клубтарыныңқойылымын (КТК), цирк қойылымын өткізу, кино көрсету

1 шара

Сатылған билет құнының
20 пайызы

4

Балаларға арналған ертеңгілік қойылымын өткізу

1 сағат

25000

5

Мерекелік шарада әншілердің қызмет көрсетуі

1 адам

15000

6

Мерекелік шара сценарийлерін дайындау

1 сценарий

15000

7

Аппаратурамен ән жаздыру қызметі

1 ән

8000

8

Бейнекамерамен қызмет көрсету

1 сағат

20000

9

Салтанатты іс-шараларды жүргізу қызметтері (асаба қызметтері)

1 сағат

20000

10

Концерт, спектакль койылымының билеті

1 билет

1000

11

Автокөліктермен қызмет көрсету

1 сағат

20000

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 78 қаулысына 2-қосымша

2026 жылы "Жалағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет және өнерді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарларлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

№

Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік бағасы, теңге

1

Көрермендер залында концерт, спектакль қою, көңілді тапқырлар клубтарының қойылымын (КТК), цирк қойылымын өткізу, кино көрсету

1 шара

Сатылған билет құнының
20 пайызы

2

Балаларға арналған ертеңгілік қойылымын өткізу

1 сағат

25000

3

Мерекелік шарада әншілердің қызмет көрсетуі

1 адам

15000

4

Мерекелік шара сценарийлерін дайындау

1 сценарий

15000

5

Аппаратурамен ән жаздыру қызметі

1 ән

8000

6

Концерт, спектакль койылымының билеті

1 билет

1000

7

Автокөліктермен қызмет көрсету

1 сағат

20000

8

Спорт залын жалға беру

1 ай

250000

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 78қаулысына 3-қосымша

2026 жылы "Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің "Жалағаш аудандық жабық бассейні" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарларлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

№

Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік бағасы, теңге

1

Жүзу бассейні (ересектерге)

1 сағат

750

2

Жүзу бассейні (6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға)

1 сағат

400

3

Жүзу бассейні (6 жасқа дейінгі балаларға, I және II топ мүгедектігі бар тұлғаларға, балалар үйінде тәрбиеленушілерге)

1сағат

тегін

4

Жүзу бассейні
(зейнеткерлер мен студенттерге)

1 сағат

билет құнының
50 пайызы

5

Тренажер залы (ересектерге)

2 академиялық сағат

700

6

Тренажер залы (балаларға)

2 академиялық сағат

400

7

Абонемент бассейнге (ересектерге)

12 рет қатысу

7000

8

Абонемент тренажер залына (ересектерге)

12 рет қатысу

7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады