"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.07.2026 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24738 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2025 жылғы " ___ " _______
  № ____ қаулысына қосымша

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері

№

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тарифтер мөлшері (теңге)

1.

Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

7816

2.

Жолсерік қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

3986

3.

Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну

1 бірлік (16 адамға дейін)

1 тәулік

68 692

4.

Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:
1. Туристік шатырды ұсыну;
2. Жатын қапшықты ұсыну;
3. Вагон-үйшікті ұсыну (6 адамға)

1 бірлік
1 бірлік
1 бірлік

1 тәулік
1 тәулік
1 тәулік

2987
1352
89 110

5.

Көлік тұрақтарын ұсыну

1 бірлік

1 тәулік

827


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады