Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жалпы алаңы 167 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 48 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |