ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейнеу ауданы әкімдігінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне ынталандыру үстемақылар белгіленсін.
2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу аудандық мәслихаты төрағасы | А. Бораш |