Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 142-қ қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының 1 қосымшасына сәйкес, Мұнайлы ауданы аумағынан жалпы көлемі 9,4503 гектар жер учаскесін "Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы" акционерлік қоғамына электр желісін жүргізу үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 22 сәуіріне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы шарт жасақтасын.

      2) (Келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және электр желісі аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтірілсін.

      3. "Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Құлжанов

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 20 шілдедегі
№ 142-қ қаулысына 1 қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

№

Жер пайдаланушылар

Жер учаскесінің орналасқан жері

Кадастрлық нөмері

Нысаналы мақсаты

Жалпы көлемі, гектар

1

Т.О. Асенов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7 учаске

13:203:011:452

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,2411

2

"North Caspian Group" ЖШС

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/25 учаске

13:203:011:453

Транспорттық-логистикалық орталық құрылысын салу үшін

0,1756

3

"STH Corp" ЖШС

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/26 учаске

13:203:011:454

Өндірістік база құрылысын салу үшін

0,1612

4

И.Н. Қаби

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/12 учаске

13:203:011:289

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,2400

5

Н. Оракова

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/14 учаске

13:203:011:291

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,1599

6

"Энергомост LTD" ЖШС

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/13 учаске

13:203:011:290

Өндірістік база құрылысын салу үшін

0,1599

7

Т.К. Избергенов

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/27 учаске

13:203:011:512

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,5345

8

Т.К. Избергенов

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/11 учаске

13:203:011:511

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,5671

9

"Мунайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ

-

-

-

1,3772

10

А.Д. Ибадуллаев

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/3 учаске

13:203:007:545

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,6404

11

А.М. Ибадуллаев

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 31/3 учаске

13:203:007:397

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,6404

12

"Мунайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" КММ

-

-

-

0,0413

13

Т.К. Избергенов

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/28 учаске

13:203:011:513

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,4891

14

"Kicom Сауда үйі" ЖШС

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/6 учаске

13:203:011:161

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,3425

15

С.Е. Мусалиев

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/10 учаске

13:203:011:179

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,4076

16

В.С. Кшенова

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/7 учаске

13:203:011:178

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,1404

17

А.Д. Дуйсенов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/22 учаске

13:203:011:428

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,2610

18

М.Б. Амирханов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/35 учаске

13:203:011:574

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

1,6939

19

С.А. Смагулов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/30 учаске

13:203:011:574

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,4799

20

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жерінен

13:203:011:302

Кірме темір жол құрылысын салу үшін

0,0416

21

"Ер Сай Каспиан Контрактор" ЖШС

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жерінен

13:203:011:216

Кірме темір жол құрылысын салу үшін

0,0476

22

С.А. Смагулов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/34 учаске

13:203:011:539

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,2471

23

"Caspian Cargo Service" ЖШС

-

-

-

0,0411

24

С.А. Смагулов

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/33 учаске

13:203:011:540

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,2013

25

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жерінен

13:203:011:581

Электр желісін жүргізу үшін

0,0064

26

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жерінен

13:203:011:460

"Жетібай-Құрық" магистральды газ құбырын жүргізу үшін

0,0320

27

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жерінен

13:203:011:580

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін

0,0016

28

А.М. Ибадуллаев

Мұнайлы ауданы,Қызылқұм жері, № 7/36 учаске

13:203:007:594

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

0,0786


Барлығы




9,4503


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады