"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Мұнайлы аудандық маслихаты мен Мұнайлы ауданының әкімінің 28.05.2026 жылғы № 43/248 бірлескен шешіміне, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдесіндегі қорытындысына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұңайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі әкімінің 14.09.2026 № 236-Ш шешімімен (шешім әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық тұрғын массивінің Егемен көшесінің № 59 үй мен № 75 үй аралығындағы көшеге Әлиев Тілеуберген Гагаринұлы есімі берілсін.
2. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі, Жаңақоныс тұрғын массивінің Береке көшесінің № 374/1 үй мен № 451 үй аралығындағы көшеге Исанов Асиса Қошмұханұлы есімі берілсін.
3. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық тұрғын массивінің Береке көшесінің № 336 үй мен № 373/3 үй аралығындағы көшеге Елеусинов Нұрболат Қуанғалиұлы есімі берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Н. Орунбасаров |