Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 11 тамызындағы № 155-Ш "Басқұдық ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұңайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 236-Ш шешімі

      Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 11 тамызындағы № 155-Ш "Басқұдық ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Мұнайлы аудандық маслихаты мен Мұнайлы ауданының әкімінің 28.05.2026 жылғы № 43/248 бірлескен шешіміне, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 27 шілдесіндегі қорытындысына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Орунбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады