"Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 274 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымы бар: Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының "Діндерді зерделеу және талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 70.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және алдын алу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) діни бірлестіктермен қарым-қатынасты реттеу және діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласындағы мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасайды және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;";

      8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;";

      11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 453, 490-баптарымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырып, одан әрі сот органдарына береді;";

      16), 17), 18) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) мақсатты ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихаттау және оңалту жұмыстары саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіреді;

      17) деструктивті діни ағымдар идеологиясына ұшыраған тұлғаларға қатысты оңалту іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      18) миссионерлердің қызметі, діни әдебиеттерді тарату, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы мәселелері бойынша діни бірлестіктердің жетекшілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, діни ахуалға мониторинг жүргізеді;";

      19), 20), 22) тармақшалар алынып тасталсын;

      19-тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Басқарма қызметкерлерін және осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

      8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Басқарма қызметкерлері мен осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйым басшысына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады