Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Агрофирма Диевская" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 0,0318 га, мекенжайы: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі, Диев ауылы, бөлінбейтін жер учаскесіне "Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диевка ауылында "Агрофирма Диевская" ЖШС астық кептіргішті газбен жабдықтау үшін газ құбырын салу" жобасын іске асыру мақсатында жария сервитут белгіленсін.

      2. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Досмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады