Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 5 "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 6 шешімі

      Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 5 "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы, Денисов ауданы, Гришенка ауылының газ тарату желілерін салу" объектіне орта және төмен қысымды газ құбырының тарату желісін салу және пайдалану үшін, Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Гришенка ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,704 га жер учаскесінде 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Д. Алпысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады