Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 213-Ө бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 16.02.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Ә. Қуантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің бұйрығына
қосымша

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесі

№ Жануарлар түрлері

1

2
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың
лимиттелетін түрлері

Сүтқоректілер:

1.

Қасқыр (Canis lupus)

2.

Қоңыр аю (Ursus arctos), Тянь-Шань аюынан басқасы

3.

Бұлғын (Martes zibellina)

4.

Құну (Gulo gulo)

5.

Борсық (Meles meles)

6.

Кәмшат (Lutra lutra), ортаазиялықтан басқасы

7.

Сілеусін (Lynx lynx), түркістандықтан басқасы

8.

Қабан (Sus scrofa)

9.

Құдыр (Moschus moschiferus)

10.

Марал, аскания бұғысы (Cervus elaphus)

11.

Сібір елігі (Capreolus pygargus)

12.

Бұлан (Alces alces)

13.

Киік (Saiga tatarica)

14.

Сібір тау ешкісі (Capra sibirica)

15.

Өзен құндызы (Castor fiber)

Құстар:

16.

Саңырау құр (Tetrao urogallus)

17.

Гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis)

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелмейтін түрлері

Сүтқоректілер:

18.

Жанат тектес ит (Nyctereutes procyonoides)

19.

Қарсақ (Vulpes corsac)

20.

Түлкі (Vulpes vulpes)

21.

Жанат (Procyon lotor)

22.

Сарғыш күзен (Mustela altaica)

23.

Ақ қалақ (Mustela nivalis)

24.

Ақкіс (Mustela erminea)

25.

Сары күзен (Mustela sibirica)

26.

Сасық күзен (Mustela eversmanni)

27.

Американ су күзені (Mustela vison)

28.

Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris)

29.

Зорман (Spermophilus fulvus)

30.

Байбақ немесе дала суыры (Marmota bobac), сұр немесе Алтай-Тянь-Шань суыры (Marmota baibacina), ұзын құйрықты немесе қызыл суыр (Marmota caudata)

31.

Ондатра немесе су тышқан (Ondatra zibethicus)

32.

Ор қоян (Lepus europaeus), ақ қоян (Lepus timidus), құм қоян (Lepus tolai)

Құстар:

33.

Маймақ қаз – қызыл жемсаулы (Gavia stellata), қара жемсаулы (Gavia arctica)

34.

Қарашақаз (Branta bernicla), сұрқаз (Anser anser), ақмаңдайлы қаз (Anser albifrons), қырманқаз (Anser fabalis)

35.

Отүйрек (Tadorna ferruginea), сарыалақаз (Tadorna tadorna), барылдауық үйрек (Anas platyrhynchos), ысылдақ шүрегей (Anas crecca), боз үйрек (Anas strepera), сарыайдар үйрек (Anas penelope), қылқұйрық (Anas acuta), даурықпа шүрегей (Anas querquedula), жалпақ тұмсық (Anas clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Aythya ferina), айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula), айдарсыз сүңгуір (Aythya marila), ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis), сусылдақ (Bucephala clangula), айдарлы үйрек (Somateria spectabilis), қара тұрпан (Melanitta nigra), кіші бейнарық (Mergus albellus), секпілтес бейнарық (Mergus serrator), үлкен бейнарық (Mergus merganser), қырылдақ шүрегей (Anas formosa)

36.

Ақ шіл (Lagopus lagopus), тундралық (Lagopus mutus), дала (Ammoperdix griseogularis), сұр (Perdix perdix), сақалды (Perdix dauurica)

37.

Құр (Lyrurus tetrix)

38.

Сұр құр (Теtrаstеs bonasia)

39.

Кекілік (Alectoris chukar)

40.

Бөдене (Coturnix coturnix)

41.

Қырғауыл (Phasianus colchicus)

42.

Қасқалдақ (Fulica аtrа)

43.

Қызғыш (Vanellus vanellus), күжіркей (Рhуlomachus pugnax), шаушалшық (Lуmnocryptes minimus), тауқұдірет (Gallinago gallinago), орман маңқысы (Gallinago megala), азиялық тауқұдіреті (Gallinago stenura), тау маңқысы (Gallinago solitaria), маңқы (Gallinago media), жылқышы (Sсоlорах rustricola), үлкен шалшықшы (Numenius arquata), орташа шалшықшы (Numenius phaeopus), үлкен шырғалақ (Lіmоsа lіmоsа), кіші шырғалақ (Lіmоsа lарроnіса)

44.

Дыркептер (Соlumba palumbus), түзкептер (Соlumba оеnаs), көк кептер (Соlumba livia), құз кептер (Соlumba rupestris), кәдімгі түркептер (Streptopelia turtur), үлкен түркептер (Streptopelia orientalis)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады