Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 150 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
  орынбасары – Ұлттық
  экономика министрінің
20 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 150 бұйрығымен бекітілген

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарларын (бұдан әрі – даму жоспары) әзірлеу және бекіту бойынша бірыңғай тәсілдерді айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші – даму жоспарын әзірлеуге жауапты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      2) жоспарлы кезең – даму жоспары әзірленетін кезең;

      3) мақсат – даму жоспарын іске асыру арқылы қол жеткізілетін, тиісті аумақтың жоспарлы кезеңнің соңына қарай қалыптасатын қалаулы болашақ жай-күйі;

      4) нысаналы индикатор – даму жоспары әзірленетін кезеңді өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні.

2-тарау. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту

      3. Ауылдық округтің даму жоспары әкімнің өкілеттік мерзіміне жасалатын, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуының басым бағыттарын айқындайтын, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын құжат болып табылады.

      4. Ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу процесі бастама жасау, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағының ағымдағы жай-күйін талдау, өзекті проблемаларды анықтау, пайымды қалыптастыру, басымдықтарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, оларға қол жеткізу жолдарын, ресурстық қамтамасыз етуді айқындау кезеңдерінен тұрады.

      5. Ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу кезінде ресми статистикалық деректер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәліметтері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағын зерттеп-қарау нәтижелері, сондай-ақ даму жоспарын әзірлеу туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылған тиісті елді мекен тұрғындарының ұсыныстары пайдаланылады.

      6. Ауылдық округтің даму жоспарының іске асырылуын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Қаржыландырудың болжамды көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарлы кезеңге арналған параметрлері ескеріле отырып айқындалады.

      7. Ауылдық округтің даму жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдау нәтижелерін, даму мақсаттарын, іс-шаралар кешенін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылым бойынша қалыптастырылады.

      Даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) паспорт;

      2) ағымдағы жағдайды талдау;

      3) дамудың басым бағыттары;

      4) нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер;

      5) іс-шаралар жоспары.

      Ауылдық округтің даму жоспарының барлық бөлімі өзара байланысқан болуға тиіс. Талдамалық бөлікте қамтылатын тұжырымдар дамудың басым бағыттарын айқындауға, іс-шараларды және нысаналы көрсеткіштер жүйесін әзірлеуге негіз болады.

      8. "Паспорт" деген бөлімде мыналарды:

      1) әзірлеуге негізді (соны іске асыру үшін даму жоспарының әзірленуі қамтамасыз етілетін нормативтік құқықтық құжаттың деректемелері (бабы, тармағы);

      2) әзірлеушінің атауын;

      3) мақсатын;

      4) күтілетін нәтижелерді қамтитын негізгі параметрлер жазылады.

      9. Мақсаттың тұжырымдалуы қысқа, анық жазылады және мыналарды:

      еркін немесе екіұшты түсіндіруге жол беретін терминдерді, ұғымдарды және тіркестерді;

      мақсатқа қол жеткізу жолдарының, құралдары мен әдістерінің сипаттамасын қамтымайды.

      10. "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлім ауылдық округтің даму жоспарының негізгі талдамалық бөлімі болып табылады, онда аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын кешенді бағалау, негізгі проблемалар, даму шектеулері және аумақтың одан әрі дамуына ықпал ететін факторлар көрсетіледі.

      11. "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімде даму жоспарының мақсатына қол жеткізуді сипаттайтын индикаторлар және (немесе) күтілетін нәтижелер және (немесе) ауылдық округтің даму жоспарын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер көрсетіледі.

      Бұл ретте күтілетін нәтижелер даму жоспарының іске асырылуы аяқталатын мерзімге қарай сапалық және/немесе сандық мәнде қалыптастырылады.

      12. Іс-шаралар жоспары ауылдық округтің даму жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және нысаналы индикаторларға уақтылы және толық қол жеткізу және күтілетін нәтижелерді алу үшін округтің даму жоспарын іске асыру бойынша іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

      Іс-шаралар жоспары ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері, анықталған проблемалар, айқындалған дамудың басым бағыттары және әкімнің сайлауалды бағдарламасы негізінде қалыптастырылады.

      Іс-шаралар жоспарына іске асырылуы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, ауылдық округтің даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ әкімнің сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары енгізіледі.

      Іс-шаралар тізбесін дайындау кезінде мыналар:

      жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманың болуы;

      іс-шараның іске асыруға әзірлік дәрежесі;

      жоспарлы кезеңде қаржыландыру мүмкіндігі;

      іс-шараның әлеуметтік маңыздылығы;

      күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер ескеріледі.

      13. Ауылдық округтің даму жоспарының жобасын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісу бойынша төрт жылдық кезеңге әзірлейді.

      14. Ауылдық округтің даму жоспарын келісу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ауылдық округтің даму жоспарының жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қарауға енгізеді.

      15. Ауылдық округтің даму жоспарының жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      16. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы ауылдық округтің даму жоспарының жобасын қарау нәтижесі бойынша қорытынды қалыптастырады және оны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына жолдайды.

      17. Ауылдық округтің даму жоспарының жобасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентінде көзделген тәртіппен жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына енгізіледі.

      18. Ауылдық округтің даму жоспары жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ауылдық округтің даму жоспарының жобасы енгізілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысында қаралуға және оның хаттамасымен бекітілуге тиіс.

      19. Ауылдық округтің даму жоспарын іске асыруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.

      20. Ауылдық округтің даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеуді іс-шаралардың іске асырылу барысын және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жүргізеді.

      21. Ауылдық округтің даму жоспарының іске асырылуын жыл сайынғы мониторингілеу нәтижелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының интернет-ресурсында есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жарияланады.

      22. Ауылдық округтің даму жоспарын түзету мынадай жағдайларда:

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму жоспарының жаңасы қабылданған не өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

      2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі сайланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, оның ішінде сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын енгізу үшін;

      3) даму жоспарының жобасын және жергілікті қоғамдастық жиналысының ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      23. Ауылдық округтің даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ауылдық округтің даму жоспарының жобасына осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша салыстырма кесте қоса беріледі.

  Аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдың, кенттің, ауылдық
округтің даму жоспарын әзірлеу
және бекіту әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

  Жергілікті қоғамдастық
  Жиналысының
20__ жылғы "___" №
хаттамасымен бекітілген

___________________ (елді мекеннің атауы) ___________ жылдарға (жоспарлы кезең) арналған ДАМУ ЖОСПАРЫ

I. АУМАҚТЫҢ (АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ НЕМЕСЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ) ПАСПОРТЫ

Әзірлеу негізі

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Әзірлеуші

__________________

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің атауы)

Мақсаты

әкімінің аппараты

Тиісті аумақтың ағымдағы жай-күйін талдау нәтижелері, анықталған проблемалардың және дамудың айқындалған басым бағыттары негізінде оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

Күтілетін нәтижелер


Мақсаттың негізінде айқындалады және даму жоспарын іске асыру нәтижесінде қол жеткізу жоспарланып отырған оң өзгерістерді сипаттайды.

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

III. ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

IV. НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

  Аудандық маңызы бар қаланың,
  ауылдың, кенттің, ауылдық
округтің даму жоспарын әзірлеу
және бекіту әдістемесіне
  2-қосымша

      Нысан

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Атауы

Аяқталу нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

I. Бағыт


1-міндет


1.1

Нысаналы индикатор






...

іс-шара






II. Бағыт


2.1

Нысаналы индикатор






...

іс-шара






  Іс-шаралар жоспарына
  қосымша

Іс-шаралар жоспарын толтыру жөнінде түсіндірмелер

      Іс-шаралар жоспары мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) "№" деген 1-бағанда іс-шаралар атауының реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Атауы" деген 2-бағанда бағыттар мен міндеттер бөлінісінде іс-шаралардың атауы көрсетіледі.

      Нысаналы индикаторлар даму жоспарының "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімінің жүйелілігіне сәйкес баяндалады. Нысаналы индикаторлардың мәндері жылдар бойынша көрсетіледі;

      3) "Аяқталу нысаны" деген 3-бағанда көзделіп отырған іс-шараның аяқталуы неден көрінетіндігін ашатын іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі;

      4) "Қаржыландыру көлемі (мың теңге)" деген 4-бағанда іс-шараларды қаржыландырудың жоспарланып отырған көлемі көрсетіледі;

      5) "Қаржыландыру көзі" деген 5-бағанда қаржыландыру көзі көрсетіледі. Республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, бюджеттен тыс көздер, жеке инвестициялар қаржыландыру көздері болуы мүмкін. Бағанды толтыру кезінде мынадай қысқартулар пайдаланылады: РБ, ЖБ, ҰҚ, БТК, ЖИ;

      6) "Орындау мерзімі" деген 6-бағанда даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асыру мерзімдері көрсетіледі;

      7) "Жауапты орындаушылар" деген 7-бағанда даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, жоспарланған іс-шараларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.

  Аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдың, кенттің, ауылдық
округтің даму жоспарын әзірлеу
және бекіту әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

___________________________________ (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының атауы) _______________ жылдарға арналған (жоспарлы кезең) даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша салыстырма кесте

№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме











  Салыстырма кестеге
  қосымша

Даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша салыстырма кестені толтыру жөнінде түсіндірмелер

      1. "(аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)" деген жолда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының немесе тиісті даму жоспарының атауы көрсетіледі.

      2. "(жоспарлы кезең)" деген жолда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарының іске асыру мерзімдері көрсетіледі.

      3. "№" деген бағанда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. "Құрылымдық элемент" деген бағанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарының өзгеріс немесе толықтыру енгізілетін бөлімінің, кіші бөлімінің, абзацының нөмірленуі көрсетіледі.

      Егер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспары жаңа құрылымдық элементпен толықтырылған жағдайда, жаңа бөлімнің, кіші бөлімнің, абзацтың нөмірленуі көрсетіледі.

      5. "Қолданыстағы редакция" деген бағанда "Құрылымдық элемент" деген бағанда көрсетілген өзгеріс немесе толықтыру енгізілетін тиісті құрылымдық элементтің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарынан алынған қолданыстағы редакция баяндалады.

      Егер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспары жаңа құрылымдық элементпен толықтырылған жағдайда, бұл бағанда "Жоқ" деп көрсетіледі.

      6. "Ұсынылатын редакция" деген бағанда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, "Құрылымдық элемент" деген бағанда көрсетілген тиісті құрылымдық элементтің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарынан алынған редакциясы баяндалады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарынан құрылымдық элементтердің бірі алып тасталған жағдайда, бұл бағанда "Алып тасталсын" деп көрсетіледі.

      "Қолданыстағы редакция" және "Ұсынылатын редакция" деген бағандарда өзгертілетін немесе толықтырылатын бөлігі жуан қаріппен белгіленеді.

      7. "Негіздеме" деген бағанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негіздемесі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады