БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесінде:
реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34. | Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің оптикалық қуатын өлшеу | -50 дБм-тан артық 5 дБм-ға дейін | ± 0,2 дБ |
".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
_________ М. Мұханов |
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
_____________ А. Шаққалиев |