Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 298/33 шешімі

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы И. Назарчук

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2026 жылғы 21 тамыздағы
№ 298/33 шешіміне
қосымша

Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем
бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000
текше метр

294,97

2

Өнеркәсіп, энергетиканы қоса есептегенде

1000
текше метр

844,46

3

Ауыл шаруашылығы

1000
текше метр

237,88

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000
текше метр

43,29

5

Су көлігі

1000 тонна шақырым

33,30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады