Павлодар облысы Успен ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 11.08.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен баста қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 22 шілдедегі кезектен тыс жедел отырысының хаттамасының негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. Успен ауданының Қоңырөзек ауылындағы қатты желдің салдарына байланысты Павлодар облысы, Успен ауданы, Қоңырөзек ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 11.08.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен баста қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияға дауылды желден зардап шеккен объектіні тексеру жүргізуді және ақаулық актісін жасауды тапсыру.
Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушыларына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеуді және бюджеттік өтінімді Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесіне жолдауды тапсыру.
4. Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесіне қалпына келтіру жұмыстары үшін қаражат іздестіруді тапсыру.
5. Төтенше жағдайды жою жұмыстарының басшысы етіп Успен ауданы әкімінің орынбасары Г.Б.Қуанов тағайындау.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзімде қалдырамын.
7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімі | Н. Мақашев |