Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 2 "Павлодар облысы Успен ауданы аумағында Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аудандық алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде 2026 жылғы 22 шілдедегі Успен ауданының төтенше жағдайларын ШЕШТІ:

      1. Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 2 "Павлодар облысы Успен ауданы аумағында Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2. Аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Павлодар облысы Успен ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы".

      3. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 1. Успен ауданының Қоңырөзек ауылындағы қатты желдің салдарына байланысты Павлодар облысы, Успен ауданы, Қоңырөзек ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзімде қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мақашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады