Успен ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 қазандағы № 260/57 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Успен ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
12 қазандағы
№ 260/57 шешіміне
1-қосымша

Успен ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлігі

Жинақтаудың есептік нормасы
м³/жыл

1

Жайлы үйлер (көппәтерлі тұрғын үйлер)

1 тұрғын

2,45

2

Жайлы емес үйлер (жеке тұрғын үйлер)

1 тұрғын

2,55

3

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай нысандар

1 орын

0,284

4

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

2,93

5

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

1,44

6

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,142

7

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,712

8

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 жатын/орын

0,712

9

Мектептер және басқа оқу орындары

1 оқушы

1,44

10

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар мен қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

0,434

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын/орын

0,03

12

Мұражайлар, көрмелер

1 м²

0,07

13

Стадиондар, спорт алаңдары

1 орын

0,03

14

Спорт, би және ойын залдары

1 м²

0,36

15

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

1м² сауда алаң

0,234

16

Машиналардан сату

1 м²

4,5

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

1 м²

0,0215

18

Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

1м² алаңы

0,023

19

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

1 м²

0,3

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

1 м²

0,526

21

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

1 м²

0,03

22

Дәріханалар

1 м²

1,56

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу станциялары, автожанармай құю бекеттері (АЖҚБ)

1 машина-орны

0,022

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,025

25

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гараж

2,88

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 орын

1,73

27

Кір жуу, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

1 м² жалпы алаңы

0,022

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

1 м²

0,3

29

Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т. б.)

1 орын

5,4

30

Моншалар, сауналар

1 м²

0,44

31

Аудан аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды объектілер, саябақ орындары

1000 қатысушыға

0,76

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаскеде

2,7


  Успен аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
12 қазандағы
№ 260/57 шешіміне
2-қосымша

Успен ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

№

Атауы

Есептік бірлік (теңге)

Теңге (қосылған құн салығын қоспағанда)

1

Жайлы көппәтерлі тұрғын үйдің бір тұрғынына арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың айлық тарифі

Бір айлық көлемі

470

2

Жайлы емес жеке тұрғын үйдің бір тұрғынына арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың айлық тарифі

Бір айлық көлемі

489

3

Қатты тұрмыстық қалдықтардың бірлігіне (көлеміне) шаққандағы жылдық тарифі

1 м³

2 303

4

Заңды тұлғалар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың жылдық тарифі (соның ішінде бюджеттік және мемлекеттік мекемелер үшін)

 
1 м³

2 303


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады