Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы 8 қазандағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі,ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) келесі сайлау учаскесінің орталығы жаңа редакцияда жазылсын:

      -№ 69 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, № 260 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№124 жалпы бiлiм беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2) келесі сайлау учаскелері шекараларын нақтылай отыры, жаңа редакцияда жазылсын:

      - № 74 сайлау учаскесі


      Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, № 187 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 24 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекаралары: Райымбек даңғылынан Есентай көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Жұмалиев көшесіне дейін; Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Әуезов көшесіндегі, №2/8 және Райымбек даңғылындағы, № 206Б, №206В, №206В/2, №206К, №206К/1, №206Е, №210/2, №210/3, №210/4, №210/5, №210/6, №210/7корпус 1, №210/7, №210/12 корпус 2, №210/12 корпус 1 үйлерді қоспағанда Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Есентай өзенінің арнасына дейін.

      - №704 сайлау учаскесі


      Орталығы: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, № 210/2 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 216 жалпы бiлiм беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекаралары: Райымбек даңғылындағы, № 206А, 206Б, 206Е, 206К, 206В, 206В/2, 206 К/1, 208, 210/2, 210/3, 210/4, 210/5, 210/6, 210/7 корпус 1, 210/7, 210/11, 210/12 корпус 1, 210/12 корпус 2 және Әуезов көшесіндегі, №2/8 үйлердің аумағы шекарасында.

      2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жариялағаннан кейін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шамшин
      Келісілді:
      Алматы қаласы аумақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы А. Қалықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады