Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24/4 "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 40/8 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24/4 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 40/8 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы
  № 24/4 шешімімен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдык мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдык мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Мәслихат аппаратының орналасқан жері: индексі 150008, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, мұндай қызметтен түскен табыс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      2) облыстық мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және ақпараттық-сараптаушылық қызметін қамтамасыз етуді, депутаттардың өз құзыретін іске асыруына көмек көрсетуді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      облыстық мәслихат, тұрақты комиссиялар қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға, мекемелерге және өзге де ұйымдарға сауалдар жолдау;

      облыстық мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының жұмысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін тарту;

      облыстық мәслихат және оның тұрақты (уақытша) комиссиялары актілерінің орындалу мерзімдері мен нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру;

      облыстық мәслихатқа жіберілген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру;

      облыстық мәслихат пен мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын сақтау;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

      облыстық мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың, мәслихат аппаратының атына келіп түскен азаматтар мен ұйымдардың шағымдарын мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберу.

      15. Функциялары:

      1) облыстық мәслихаттың регламентіне сәйкес сессияларды, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуді әзілеу және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз етеді;

      2) депутаттарды сессиялардың, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдер жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;

      3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларын құру, қызметтері туралы есептерді әзірлеу;

      4) мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға ықпал ету, кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сұрауларын, ұсыныстарын және ескертпелерін қараудың және іске асырудың уақыттылығын бақылау;

      5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде енгізген ұсыныстары мен ескертулерінің есебін жүргізу және жинақтау, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

      6) сессияларда қаралатын мәселелерді тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастыру, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындау мәселелеріне көмек көрсету;

      7) облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;

      9) облыстық мәслихаттың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Үкіметі қаулыларының, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      11) облыстық мәслихат шешімдері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, норма шығаруды жетілдіру, мәслихат төрағасының басқару қызметін заңмен қамтамасыз ету;

      12) облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу;

      13) заңнамаға қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін облыстық мәслихаттың қабылданған шешімдеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру;

      14) мәслихат төрағасының облыс әкімдігімен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

      15) облыстық мәслихат актілерінің атқарылуын бақылау;

      16) нормативтік талаптарға сәйкес қызметтік кабинеттерді, отырыс залдарын материалдық-техникалық жарақтандыру;

      17) жеке және заңды тұлғалардың қызметтік құжаттары мен өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, жеке қабылдау жүргізуді ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жүргізу;

      18) облыстық мәслихат қабылдаған актілерді есепке алу және тіркеу;

      19) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, олардың орындалуын бақылауды және ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін дайындықты қамтамасыз ету;

      20) электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуі және құжат айналымы көлемінің қысқаруы;

      21) облыстық мәслихаттың және оның органдарының актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету;

      22) облыстық мәслихат пен мәслихат аппаратының мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;

      23) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      24) облыстық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға таратылуын қамтамасыз ету;

      25) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;

      26) облыстық мәслихаттың сессияларын және оның басқа органдарының отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету.

3-тарау. Мәслихат төрағасының және мәслихат аппараты басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Облыстық мәслихаттың төрағасын депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және мәслихат сессияда қызметінен босатады. Облыстық мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.

      17. Облыстық мәслихат төрағасының орынбасары жоқ.

      18. Облыстық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      14) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясы төрағасының лауазымына тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оларды лауазымнан босату туралы ұсыныс енгізеді;

      15) мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

      16) Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      19. Мәслихат аппаратын мемлекеттік органның басшысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мәслихат аппаратының басшысы басқарады және мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

      20. Мәслихат аппаратының басшысы:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының атынан шарттар жасасады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімхаттар береді;

      10) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар ашады;

      12) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауап береді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырады;

      14) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      15) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      16) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      17) осы Ережеде көзделген мәслихат аппаратының міндеттері мен функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Облыс мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін облыстық мәслихаттың шешімі бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы уақытша жүзеге асырады.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

      22. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады