Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 40/16 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2026 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 40/16 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38895 болып тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаты елді мекендердегі аумақтардың кешенді және тұрақты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық ортаны құру болып табылады.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) абаттандыру – инженерлік дайындық және аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдар салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын дамыту, жабындарды орнату, жарықтандыру, шағын сәулет нысандары мен монументтік өнер объектілерін орналастыру, шудың деңгейін төмендету, микроклиматты жақсарту, әуе бассейнін, ашық су айдындарын ластанудан қорғау және топырақты тазалау, жинау, санитарлық тазалау және аумақты көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығын көздейтін қалалар мен елді мекендердің іргелес аумақтары мен ортақ пайдалану орындарын санитарлық, экологиялық және эстетикалық жай-күйінде тиісті күтіп ұстау жолымен азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені;

      2) аумақтарды абаттандыру объектілері – абаттандыру бойынша қызметті жүзеге асыратын елді мекеннің аумақтары:

      алаңдар, аулалар, орамдар, функционалды-жоспарлы құрылымдары, қала аудандарының аумақтары, сондай-ақ бірыңғай қала құрылысын регламенттеу (қорғау аймақтары) немесе кқрнекі-кеңістікте қабылдау (құрылысы бар алаң, аумақтар мен құрылыстарға жапсарлас салынған көше) қағидаты бойынша бөлінетін аумақтар, елді-мекеннің басқа да аумақтары;

      3) аумақтарды абаттандыруға қатысушылар – елді-мекен аумағында абаттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шарт негізіндегі жеке немесе заңды тұлға;

      4) абаттандыру элементтері – аумақты абаттандырудың құрамдас бөліктері ретінде қолданылатын сәндік, техникалық, жоспарлау, конструктивтік құрылғылар, көгалдандыру элементтері, жабдықтардың және ресімдеудің әртүрлі түрлері, оның ішінде ғимараттардың, құрылыстардың, құрылыстардың қасбеттері, шағын сәулет нысандары, күрделі емес стационарлық емес құрылыстар мен имараттар, ақпараттық қалқандар мен көрсеткіштер;

      5) абаттандыру объектісін күтіп-ұстау – абаттандыру объектілерін, олардың жекелеген элементтерін тиісті техникалық, физикалық, эстетикалық жай-күйінде ұстау;

      6) гүл бақшасы – бір, екі немесе көпжылдық өсімдіктер отырғызылған геометриялық немесе еркін нысандағы учаске;

      7) жер жұмыстары – топырақты қазуды (әзірлеуді), оның орнын ауыстыруды, топырақты тегістеумен және нығыздаумен төсеуді, сондай-ақ аумақты тазартуға байланысты дайындық жұмыстарын, ілеспе жұмыстарды (оның ішінде алаңдарды, еңістерді, ойықтар мен үйінділер төсемдерін жоспарлауды, төсемді әрлеуді, еңістер (негізінде) бойынша кертпелер орнату, үйінділер, шұңқырларды бұрғылау-кран машиналарымен бұрғылау, қазаншұңқырлардың қуыстарын толтыру) қамтитын құрылыс жұмыстарының кешені;

      8) жеке тұрғын үй – жеке (отбасымен) тұруға арналған, мансар мен цокольдық қабатты ескере отырып, биіктігі үш қабаттан аспайтын, шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл желектермен бірге жеке тұлғаның меншігіндегі жеке тұрған ғимарат;

      9) жинақтаушы бункер – нормативтерге сәйкес көлемде ірі көлемді қалдықтарды және басқа да өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға арналған стандартты сыйымдылық;

      10) жол – көлiк құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жер бөлігінің барлық жолағы не жасанды құрылыстың беті. Жол бiр немесе бiрнеше жүріс бөлiгін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      11) контейнер – жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;

      12) контейнерлік алаңдар – қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған кірме жолдары бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар;

      13) көгал – тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен шекаралық таспен және (немесе) сәндік қоршаумен қоршалған шөпті жамылғы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын абаттандыру элементі (жер учаскесі);

      14) көгалдандыру екпелері – елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;

      15) көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі (бұдан әрі – үй жанындағы жер учаскесі) - көппәтерлі тұрғын үйге іргелес және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кірме жолдарды, тұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын орналастыруға арналған жер учаскесі;

      16) көше – жүріс бөлігін, жол жиектерін, кюветтерді және бермаларды нығайтатын аумақтарды қоса алғанда көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;

      17) қасбет – ғимараттардың (құрылыстардың) сыртқы (алдыңғы) жағы;

      18) ортақ пайдаланылатын орындар – бұл халық үшін қолжетімді немесе ашық аумақтар, нысандар;

      19) өту жолы – көлік құралдарының тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      20) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жүріс бөлігіне жанасатын немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жол элементі;

      21) уақытша құрылыстар – құрылысшыларға қызмет көрсетуге арналған тұрғын үй, мәдени - тұрмыстық және басқа да ғимараттар мен құрылыстар, кірме жолдар, жолдар, қоймалар, сорғылар, қосалқы станциялар, бетон еріту тораптары, инженерлік желілер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті, әдетте құрылыс аяқталғаннан кейін таратылатын өндірістік мақсаттағы басқа да құрылыстар.

      22) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балалар арбаларын және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      23) шағын сәулет нысандары – сәндік сипаттағы және іс-жүзңнде пайдаланылатын объектілер (монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      24) іргелес аумақ – ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының шекараларына, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалдауындағы, балансындағы өзге де объектілерге тікелей іргелес жатқан аумақ (периметрі бойынша 5 метр шекарада).

2-тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі кешенді және ұйымдастыру жұмысының элементтері

      4. Аумақты абаттандыру элементтеріне мыналар жатады:

      1) шағын сәулет нысандары;

      2) көгалдандыру элементтері;

      3) жабын түрлері;

      4) қоршаулар;

      5) коммуналдық жабдық - көше жарығына арналған құрылғылар, қоқысқа арналған жәшіктер мен контейнерлер, велосипед тұрақтары;

      6) монументалды-декоративтік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелискілер, монументалды кескіндеме туындылары;

      7) ақпараттық көрсеткіштер - аншлагтар (көшелердің, алаңдардың, жағалаулардың, көпірлердің атауларының көрсеткіштері), үйлердің нөмірлік белгілері, ақпараттық стендтер, орамдардың, шағын аудандардың құрылысын адрестеу схемалары бар қалқандар;

      8) ескерткіш және ақпараттық тақталар (белгілер);

      9) тарих және мәдениет ескерткіштерін, ерекше қорғалатын аумақтар аймақтарын қорғау белгілері;

      10) мерекелік безендіру элементтері.

      5. Аумақты абаттандыру объектілерінің ажырамас компоненттері болып табылатын аумақты абаттандыру элементтерінің болуы қалалық орта аумағын абаттандыру объектілерін құруға, өзгертуге (реконструкциялауға) арналған жобалау құжаттамасында әзірленеді және көзделеді. Жобалау құжаттамасын дайындауды жүзеге асыратын тұлға жобалау құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді, жобалау құжаттамасының сапасын және оның техникалық регламенттер мен қала құрылысын жобалау нормативтерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      6. Шағын сәулет нысандарына қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

      1) аумақты абаттандыру элементтерінің сәулеттік және ландшафтық қоршауының сипатына сәйкес келуі;

      2) материалдардың жоғары сәндік және пайдалану сапасы, сыртқы ортаның әсерін ескере отырып, оларды ұзақ уақыт бойы сақтау;

      3) конструкцияның беріктігі, сенімділігі, қауіпсіздігі.

      7. Орындықтарға қойылатын негізгі талаптар:

      1) рекреациялық аймақтардың орындықтары үшін арқалықтардың болуы;

      2) аула аймақтарының орындықтары үшін арқалықтар мен таяныштардың болуы;

      3) транзиттік аймақтардың орындықтары үшін арқалықтар мен таяныштардың болмауы.

      Орындықтарды орнатуды жабынның қатты түрлеріне немесе іргетасқа қарастыру қажет. Демалыс аймақтарында, орман саябақтарында, балалар алаңдарында орындықтарды жабынның жұмсақ түрлеріне орнатуға рұқсат етілуі мүмкін. Іргетас болған жағдайда оның бөліктері жер бетінен шықпайтындай етіп орындалады. Демалысқа арналған орындықтың беттері суға төзімді өңдеудің әртүрлі түрлері бар ағаштан жасалады.

      8. Гүл өсіргіштерге (вазондарға), оның ішінде аспалы гүл өсіргіштерге қойылатын негізгі талаптар:

      1) кашполар тек қолданыстағы объектілерге қойылады;

      2) гүл өсіргіштердің (вазондардың) биіктігі жеткілікті болуы – автокөліктердің кездейсоқ соғылуын және қоқыстың түсуін болдырмау үшін;

      3) гүл өсіргіштер мен кашполарды қыста үй-жайда сақтау немесе олардағы гүлдерді қылқан жапырақты өсімдіктермен немесе өзге де өсімдік декорацияларымен ауыстыру.

      9. Қоршауларға қойылатын негізгі талаптар:

      1) жаяу жүргіншілерді автомобильдердің соғылуынан қорғау үшін жеткілікті беріктік;

      2) модульділік, кез келген пішіндегі конструкцияны құру мүмкіндігі;

      3) автомобильдің кездейсоқ соғылуы мүмкін жерлерде жарық шағылыстырғыш элементтердің болуы.

      10. Абаттандыруды ұйымдастыру аумақтарды абаттандыру бойынша жобалау құжаттамасын әзірлеуді, абаттандыру бойынша іс-шараларды орындауды және абаттандыру объектілерін күтіп-ұстауды қамтиды.

      11. Абаттандыру жөніндегі қызметтің қатысушылары, оның ішінде, мыналар болып табылады:

      1) техникалық тапсырманы қалыптастыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мердігерді (бас мердігерді) таңдайтын және қаржыландыруды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдар;

      2) елді мекен аумағында қызметті жүзеге асыратын, абаттандыруға сұранымды қалыптастыруға, сондай-ақ абаттандыру іс-шараларын қаржыландыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;

      3) мердігерлер (бас мердігерлер), оның ішінде құрылыс-монтаждау ұйымдары (кәсіпорындар/компаниялар), шағын сәулет нысандарын өндірушілер және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің басқа да субъектілері.

      12. Елді мекен аумақтарының инфрақұрылымы мен абаттандырылуы жаяу жүргіншілердің, қоғамдық және велосипед көлігінің, арық жүйелерінің басымдығын ескере отырып әзірленеді.

      13. Әртүрлі функционалдық мақсаттағы абаттандыру объектілерін жобалау, салу және пайдалану адам денсаулығын қорғау және сақтау, тарихи және табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының кедергісіз жүріп-тұруының, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, арық жүйесі жұмысының техникалық мүмкіндіктерін жасайды.

      14. Елді мекен аумақтарын абаттандыруды, күтіп-ұстауды және тазалауды жер учаскелерінің меншік иелері немесе шарттар негізінде аумақтарды абаттандыруға қатысушылар жүзеге асырады, егер азаматтық заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе.

      15. Аумақтарды абаттандыруға қатысушылар елді мекенді абаттандыру, күтіп-ұстау және тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ меншік құқығында жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскелерін қоспағанда, іргелес аумақтарды тазалауды ұйымдастырады.

      16. Елді мекенді абаттандыру мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) абаттандыруды, іргелес аумақтарды күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) аумақтарды абаттандыруға қатысушылар;

      3) егер азаматтық заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе, өздеріне меншік құқығымен немесе өзге құқықпен тиесілі аумақтарды, аула, үй маңындағы аумақтарды абаттандыруды, күтіп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын және іргелес аумақтарды абаттандыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар.

      17. Жеке және заңды тұлғалардың абаттандыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді және елді мекенді тазалауды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      18. Елді мекенде үй жануарларын серуендету үшін тақтайшалармен белгіленген арнайы аумақтар айқындалады.

      19. Үй жануарларының иелері үй жануарларының экскременттерін тазалауды жүзеге асырады.

      20. Елді мекен аумағында базарларды (қоймаларды) ұйымдастырумен, жерлеу ісін ұйымдастырумен (зираттарда), құрылыспен (құрылыс кезеңінде құрылыс алаңдарында); бұқаралық іс-шараларды өткізумен, халықтың стационарлық сауда объектілеріне, стационарлық қоғамдық тамақтану объектілеріне және маусымдық дәмханаларға, әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге, автожанармай құю станцияларына, автотұрақтарға, көлік жуу орындарына, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларына, уақытша аттракциондарға, жылжымалы хайуанаттар бақтарына, мәдениет және демалыс саябақтарына, демалыс аймақтары мен жағажайларға, қалалық қатынастағы тұрақты тасымалдар маршруттарының соңғы пункттеріндегі бағыттық тасымалдарға баруымен байланысты шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ гараж кооперативтері, діни маңызы бар объектілер стационарлық дәретханалардың, кәріз болмаған кезде қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де тасымалды биодәретханалардың болуын және мақсаты бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл объектілерде су төгетін шұңқырларды орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.

      21. Қоғамдық стационарлық дәретханалар мен биодәретханалар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тиісті жағдайда ұсталады. Дәретханалардың санитариялық және техникалық жағдайын меншік иелері, иеленушілер, жалға алушылар немесе олар қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар қамтамасыз етеді.

      22. Барлық алаңдар мен көшелерде, гүлзарлар мен саябақтарда, стадиондарда, вокзалдарда, базарларда, аялдама пункттерінде, кәсіпорындардың, сауда объектілерінің, кинотеатрлардың, дүңгіршектердің жанында және басқа да объектілерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қоқыс жәшіктері орнатылады.

      23. Қоқыс жәшіктерін тазарту олардың толуына қарай, ал азаматтардың жаппай қозғалысы және көп шоғырланатын жерлерде - тәулігіне кемінде бір рет жүргізіледі. Қоқыс жәшіктерін жөндеу қажеттілігіне қарай орындалады, сырлау жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Қоқыс жәшіктері ақаусыз күйде және сырланған түрде ұсталады. Қоқыс жәшіктерінің толып кетуіне жол берілмейді.

      24. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өтетін орынды, оған іргелес аумақтарды тазалауды және өздері бұзған абаттандыруды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

      25. Ғимараттардың (олардағы үй-жайлардың), құрылыстардың, соның ішінде уақытша құрылыстардың меншік иелері болып табылатын, сондай-ақ жер учаскесін меншік құқығында, өзге құқықта, жалдау құқығында иеленетін жеке, заңды тұлғалар іргелес аумақты күтіп-ұстауды (абаттандыруды) дербес немесе өз қаражаты есебінен ұйымдастыруларды тарту арқылы жүзеге асырады.

3-тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша күтіп-ұстау

1-параграф. Аумақтарды күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      26. Аумақтарды күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

      1) қоқыстан, жапырақтардан, қардан және мұздан (көктайғақтан) күнделікті тазарту;

      2) жолдардың, көпірлердің, көшелердің, тротуарлардың, жол жүру орындарының, жаяу жүргіншілер аумақтарының жүру бөлігінің жабындарын көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

      3) қарды тырмалау және сыпыру;

      4) қар мен мұзды (қарлы-мұзды түзілімдерді) шығару;

      5) жолдарды және көше-жол желісінің басқа да объектілерін күтіп-ұстау және тазалау;

      6) контейнерлік алаңдарды, бункер-жинақтағыштарды, қалдықтардың барлық түрлеріне арналған контейнерлерді, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды, шағын сәулет нысандарын және басқаларын таза және техникалық ақаусыз күйде орнату және күтіп-ұста;

      7) қоқыс қабылдау камераларын, контейнерлерді, бункер-жинақтағыштарды және контейнерлік алаңдарды тазалау, жуу және дезинфекциялау;

      8) стационарлық дәретханалар мен биодәретханаларды таза және техникалық ақаусыз күйде орнату, күтіп-ұстау және олардың мақсаты бойынша жұмыс істеуі;

      9) жаңбыр және еріген қар суларын бұру;

      10) қоқысты, қалдықтарды және ҚТҚ жинау және шығару;

      11) көлік инфрақұрылымы объектілерінен жануарлардың өлекселерін алып тастау;

      12) кірме жолдарды, жолдарды, тротуарларды қоса алғанда, шаңның пайда болуын азайту және ауаны ылғалдандыру үшін аумақты суару;

      13) жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды күту;

      14) құрылыс, жөндеу, жер және өзге де жұмыстар жүргізілгеннен кейін аумақтарды қалпына келтіру;

      15) коммуналдық мақсаттағы объектілерді, коммуникацияларды (құрылыстарды), жолдарды, теміржолдарды, көпірлерді, жаяу жүргіншілер өткелдерін салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден, реставрациялық және археологиялық жұмыстарды және басқа да жер жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұзылған абаттандыру элементтерін қалпына келтіру;

      16) жеке үй иеліктерінің, ортақ пайдаланылатын орындардың іргелес аумақтарындағы су бұру арықтарын (арық жүйесін) тазарту;

      17) аяқталмаған құрылыс объектілерін, құрылыс алаңдарын қоршайтын дуалдарды тиісті жағдайда ұстау. Жұмыстар жүргізілмейтін аяқталмаған құрылыс объектілері құрылыс торларымен немесе сәндік баннерлермен немесе жарнама баннерлерімен жабылады.

2-параграф. Көшелер мен жолдарды күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      27. Көшелер мен жолдарды, орамішілік өткелдерді, аула аумақтарына кірме жолдарды, тротуарларды (жаяу жүргіншілер аумақтарын), көпірлер мен жол өтпелерін күтіп-ұстау көшелер мен жолдардың, тротуарлардың және басқа да жол құрылыстарының жүру бөлігінің тазалығын, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін маусымдық сипаттағы жұмыстар (іс-шаралар) кешенін қамтиды. Жолдарды күтіп-ұстау нәтижесінде жолдың, жол құрылыстарының, бөліп берілген белдеудің, жолды жайластыру элементтерінің көліктік-пайдалану жағдайы, Жол жүрісі қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат берудің негізгі ережелерінің, көліктері арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінің талаптарына жауап беретін жол жүрісін ұйымдастыру және қауіпсіздігі сақталатын жұмыстар кешенін қамтиды.

      28. Жол аумақтарын күтіп-ұстау мыналардың ағымдағы жөнделуін қамтиды:

      1) жолдарды, тротуарларды, жасанды құрылыстарды жөндеу;

      2) тротуарлардан (жаяу жүргіншілер аумақтарынан) және жолдардың, көшелер мен көпірлердің жүру бөлігінен балшықты, қоқысты, қар мен мұзды (көктайғақты) күнделікті тазарту;

      3) жол жабындарын жуу және суару;

      4) газондар мен жасыл желектерді күту;

      5) көше жарығы тіректерін және түйіспелі желіні ағымдағы жөндеу;

      6) шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;

      7) жасанды құрылыстардың құрамына кіретін қарау құдықтарын, арықтарды, жаңбыр қабылдау құдықтарын, нөсер кәріздерін, таулы арықтарды және ашық науаларды жөндеу және тазарту.

      29. Қарау және жаңбыр қабылдау құдықтары, жер асты коммуникацияларының құдықтары, люктер (торлар), арық жүйесі көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жабық және ақаусыз күйде ұсталады. Қабылдау, тұйық, қарау және басқа да құдықтар мен камераларды күтіп-ұстауды, тазартуды және ақаусыз техникалық күйде ұстауды олардың меншік иелері қамтамасыз етеді.

      30. Бұзылған құдық қақпақтары мен торларын, ашық құдықтарды бір сағат ішінде инженерлік желілердің меншік иелері, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар (кәсіпорындар), егер азаматтық заңнамада өзгеше белгіленбесе, тиісті ескерту белгілерімен қоршайды және бес сағаттан аспайтын мерзімде ауыстырады. Ашық люктердің, сондай-ақ құдық қақпағының (торының) сыртқы шетінен бір метр радиуста құдықтың сыртқы шеті бойынша жол жабынының шұңқырларының, шөгулерінің және опырылуларының болуына жол берілмейді.

3-параграф. Жеке тұрғын үйлерді күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      31. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері:

      1) ғимараттар фасадтарының, дуалдар мен қоршаулардың, сондай-ақ жер пайдалану шегіндегі өзге де құрылыстардың тиісті жағдайын қамтамасыз етеді. Оларды қолдайтын жөндеу мен сырлауды уақтылы жүргізеді;

      2) тұрғын үйде нөмірлік белгісі болады және оны ақаусыз күйде ұстайды;

      3) белгіленген шекаралар шегінде жер учаскесін тәртіппен ұстайды және іргелес аумақтың тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етеді, оны қоқыстан тазартады, арамшөптер мен карантиндік өсімдіктерді шабады;

      4) оларда орналасқан жасыл желектерді сау күйінде ұстайды және өз қаражаты есебінен жер пайдалану шегінде олардың сақталуын, қорғалуын және күтім жасау жұмыстарын қамтамасыз етеді, газ құбырларының, кабельдік және әуе электр беру желілерінің және басқа да инженерлік желілердің күзет аймағында ағаштар отырғызуға жол бермейді;

      5) іргелес аумақтың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстануына жол бермейді.

      32. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды жинауға, көң мен қиды және өзге де жылжымалы заттарды сақтауға жол берілмейді.

4-параграф. Ғимараттардың, құрылыстар мен қоршаулардың фасадтарын күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      33. Ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері оларды тиісінше күтіп-ұстауды, пайдалануды, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың фасадтарын жөндеу және сырлау жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ фасадтарда орналасқан ескерткіш тақталарды, көшелердің (оның ішінде тұйық көшелердің, алаңдардың) көрсеткіштерін, нөмірлік белгілерді, маңдайшаларды және ақпараттық тақтайшаларды таза және ақаусыз күйде ұстайды.

      34. Фасадтары қаланың қалыптасқан құрылысының сәулеттік келбетін айқындайтын ғимараттар мен құрылыстарға елді мекен аумағында орналасқан (пайдаланылатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын немесе күрделі жөнделетін) барлық:

      1) әкімшілік және қоғамдық-мәдени мақсаттағы ғимараттар;

      2) көппәтерлі тұрғын үйлер және тұрғын ғимараттар;

      3) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар;

      4) жеңілдетілген үлгідегі құрылыстар (сауда павильондары, дүңгіршектер, гараждар және басқа да ұқсас объектілер);

      5) ғимараттарға іргелес жер учаскелерінде орналасқан қоршаулар мен басқа да стационарлық сәулет нысандары жатады.

      35. Күтіп-ұсталуға тиіс ғимараттар фасадтары элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

      1) приямкалар, жертөле үй-жайларына және қоқыс камераларына кіреберістер;

      2) кіру тораптары, топтары (оның ішінде баспалдақтар, алаңдар, таяныштар, кіреберіс үстіндегі күнқағарлар, қоршаулар, қабырғалар, есіктер);

      3) іргетас (цоколь) және отмостка;

      4) қабырғалардың жазықтықтары;

      5) фасадтардың шығыңқы элементтері (оның ішінде балкондар, лоджиялар, эркерлер, карниздер);

      6) шатырлар, соның ішінде желдету және түтін құбырлары, оның ішінде қоршау торлары, шатырға шығатын жерлер;

      7) сәулеттік бөлшектер және қаптама;

      8) суағар құбырлары, шұңқырлар;

      9) балкондардың, лоджиялардың қоршаулары;

      10) парапетті және терезе қоршаулары, торлар;

      11) терезелерді, балкондарды, белдеулерді, іргетас шығыңқыларын, салбыраңқыларды металмен әрлеу;

      12) аспалы металл конструкциялар (оның ішінде ту ұстағыштар, анкерлер, өрт сатылары, желдету жабдықтары);

      13) панельдер мен блоктар арасындағы көлденең және тік жіктер (ірі панельді және ірі блокты ғимараттардың фасадтары);

      14) шынылар, жақтаулар, балкон есіктері;

      15) ғимараттарға іргелес стационарлық қоршаулар.

      36. Ғимараттар мен құрылыстардың фасадтарын пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген) бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламенттің белгіленген нормаларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жойылады.

      37. Тұрғын, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттардың меншік иелері белгіленген үлгідегі көрсеткіштер мен үйлердің нөмірлерін іледі, олар таза және ақаусыз күйде ұсталады.

      38. Ақпараттық көрсеткіштердің, маңдайшалардың, жарнама конструкцияларының, сәндік паннолардың, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмейтін кіру топтарының меншік иелері қысқы кезеңде үйдің шатырын тазарту кезінде жоғарыда аталған конструкциялардың сақталуы бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      39. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын ескерткіштер мен монументалды өнер объектілерінің, ғимараттардың меншік иелері оларды тиісті жағдайда ұстайды.

      40. Елді мекен аумағында мыналарға жол берілмейді:

      1) ортақ пайдаланылатын аумақтарда ғимараттар мен құрылыстарды жайластыру элементтерін, ескерткіштерді, мемориалдық тақталарды, ағаштарды, бұталарды, шағын сәулет нысандарын және басқа да сыртқы абаттандыру элементтерін сындыруға және зақымдауға, сондай-ақ оларды өз бетінше қайта жасауға, қайта салуға және орнын ауыстыруға;

      2) аялдама пункттерінде, қабырғаларда, бағаналарда, дуалдарда (қоршауларда) және осы мақсаттар үшін көзделмеген өзге де объектілерде жазулар, суреттер салуға, қандай да бір хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды жапсыруға және ілуге. Жазуларды, суреттерді, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды кетіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды көрсетілген объектілердің меншік иелері қамтамасыз етеді;

      3) меншіктегі жер учаскелерінің шекараларынан және қоршауларынан тыс жерлерде жылжымалы мүлікті жинауға және сақтауға;

      4) тротуарларда, газондарда, жолдарда, контейнерлік алаңдарда және оларға іргелес аумақтарда ыдыстарды, өнеркәсіптік тауарларды және басқа да сауда заттарын немесе объектілерді орналастыруға және жинауға, контейнерлік алаңдарға және оларға іргелес аумаққа коммуналдық қалдықтар санатына жатпайтын қоқысты (құрылыс қоқысы және табиғи текті қоқыс) қоюға;

      5) құрылыс салуға, оның ішінде уақытша, шаруашылық, тұрмыстық құрылыстар мен ғимараттар салуға, ғимараттардың фасадтарын өзгертуге, реконструкциялауға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып жапсарлас құрылыстар салуға.

      41. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері шатырлардан қар, көктайғақ тазалау жұмыстары басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын тұрғын емес, тұрғын үй-жайлардың меншік иелерін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе ұялы байланыс арқылы ақпараттандыру жолымен хабардар етеді.

      42. Іргелес аумақтардағы тротуар газондарын ағымдағы күтіп-ұстауды осы аумақтар бекітілген заңды немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.

      43. Газеттерді, плакаттарды, афишаларды, түрлі хабарландыруларды, жарнамаларды, сайлауалды үгіт материалдарын жапсыруға арнайы орнатылған қалқандар мен жарнама тумбаларында ғана рұқсат етіледі.

      Үгіттік баспа материалдары арнайы бөлінген орындарда, сондай-ақ ғимараттарда, құрылыстарда және басқа да объектілерде көрсетілген объектілердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімімен ілінеді.

      Ғимараттардың қабырғаларында, іргетастарында және есіктерінде, бағаналарда, ағаштарда, сыртқы жарықтандыру және түйіспелі желі тіректерінде, осы мақсатқа арналмаған басқа да объектілерде афишаларды, хабарландыруларды, үгіттік баспа материалдарын жапсыруды көрсетілген өнімнің тапсырыс берушісі үйлестіреді.

      44. Елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес құрылыс алаңдарының қоршаулары көзделеді.

5-параграф. Сыртқы жарықтандыру объектілерін (құралдарын) күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      45. Көшедегі, үй маңындағы және басқа да сыртқы жарықтандырудың барлық құрылғылары ақаусыз күйде ұсталады.

      46. Бірыңғай көше жарықтандыру жүйесіне қосылған көше және үй маңындағы жарықтандыруды күтіп-ұстауды және жөндеуді жарықтандыру құрылғыларының меншік иесі (теңгерім ұстаушысы) жүзеге асырады. Тұрғын үйлердің кіріспе бөлу құрылғыларына қосылған үй маңындағы жарықтандыруды күтіп-ұстауды кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және жөндеу бойынша қызметтер көрсететін және (немесе) жұмыстарды орындайтын ұйымдар немесе басқарушы ұйымдар жүзеге асырады.

      47. Сыртқы жарықтандыру көше, үй маңындағы жарықтандыру болып бөлінеді.

      48. Сыртқы жарықтандыру элементтеріне мыналар жатады: шамдалдар, кронштейндер, тіректер, сымдар, кабель, қуат көздері (оның ішінде құрастырулар, қоректендіру пункттері, басқару жәшіктері).

      49. Көшелер, жолдар, алаңдар, жаяу жүргіншілер аллеялары (саябақтар, скверлер), тұрғын үй орамдары, аулалар, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың аумақтары, сондай-ақ қоғамдық және тұрғын ғимараттардың нөмірлік белгілері, жол белгілері мен көрсеткіштері, қалалық ақпарат элементтері мен витриналар тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады.

      50. Көше шамдарын, торшерлерді, сыртқы жарықтандырудың басқа да көздерін қала құрылысымен және көгалдандырумен үйлестіре орналастыру қауіпсіз орта құруға ықпал етеді, жол жүрісіне қатысушыларға, азаматтардың тұруына кедергі келтірмейді.

      51. Қарамағында сыртқы жарықтандыру құрылғылары бар ұйымдар олардың техникалық ақаусыз күйін, бұл ретте сандық және сапалық көрсеткіштер мұндай орындардың жарықтандырылуы бойынша берілген параметрлерге сәйкес келуін, уақтылы қосылуы мен өшірілуін және сыртқы жарықтандыру құрылғыларының түнгі уақытта үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      52. Сыртқы жарықтандыру объектілерінің немесе сыртқы жарықтандыру құралдарымен жабдықталған объектілердің меншік иелері, сондай-ақ сыртқы жарықтандыру объектілеріне (құралдарына) қызмет көрсететін ұйымдар:

      1) көшелердің, жолдардың тиісінше жарықтандырылуын, тіректер мен шамдалдардың, жарықтандыру қондырғыларының сапасын қадағалайды; бұзылған немесе зақымдалған кезде уақтылы жөндеуді және сырлауды жүргізеді;

      2) осы елді мекен үшін белгіленген тәртіпке сәйкес жарықтандырудың қосылуын және өшірілуін қадағалайды;

      3) сыртқы жарықтандыру шамдарын ауыстыруды уақтылы жүргізеді;

      4) ортақ пайдаланылатын орындарды жарықтандыру қажеттілігіне қарай автоматты түрде қосу және/немесе өшіру құрылғыларын қамтамасыз етеді.

      53. Ортақ пайдаланылатын орындардағы көшелерде жұмыс істемейтін шамдалдардың саны олардың жалпы санының он пайызынан аспауға тиіс, бұл ретте жұмыс істемейтін шамдалдардың бірінен соң бірінің қатарынан орналасуына жол берілмейді.

      54. Тұрғын үйлердің кіреберістерін сыртқы жарықтандыру, сәулет-көркемдік көмескі жарықтандыру, жарнама жүйелерінің құрылғыларын қосу және өшіру көшелерді сыртқы жарықтандыру жұмысы режимінде жүргізіледі.

      55. Электр сымдарының үзілуіне немесе тіректердің зақымдалуына байланысты сыртқы жарықтандыру құрылғыларының жұмысындағы бұзушылықтар анықталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде дереу жойылуға тиіс. Қасақана және/немесе авариялық бұзушылық салдарынан тіректер зақымдалған жағдайда, қалпына келтіру көше жарығының жұмысында бұзушылыққа жол берген кінәлі тараптың есебінен жүргізіледі.

      56. Төтенше жағдай (дауылды жел, қар жаууы, табиғи сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар) салдарынан көше жарығының жұмысы зақымдалған, бұзылған жағдайда, қалпына келтіру көше жарығын күтіп-ұстауды және/немесе пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның (кәсіпорынның) есебінен жүзеге асырылады.

      57. Құлатылған жарықтандыру тіректерін шығаруды желілік құрылыстарды пайдаланатын тұлға көше жарығын күтіп-ұстауды және/немесе пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның (кәсіпорынның) есебінен анықталған (бөлшектелген) сәттен бастап үш тәулік ішінде жүзеге асырады.

6-параграф. Нөсер кәрізі желілерін, қарау және нөсер құдықтарын, су бұру құрылыстарын күтіп-ұстау

      58. Нөсер кәрізі коллекторларының күзет аймағы шегінде пайдаланушы ұйыммен және өзге де органдармен жазбаша келісусіз мыналарға жол берілмейді:

      1) жер жұмыстарын жүргізуге;

      2) нөсер кәрізі желілерін зақымдауға, су қабылдау люктерін бұзуға немесе қиратуға;

      3) құрылысты жүзеге асыруға, сауда, шаруашылық және тұрмыстық құрылыстар орнатуға;

      4) өнеркәсіптік, коммуналдық, сұйық қалдықтарды, қоқыстарды және өзге де материалдарды тастауға.

      59. Қаладағы магистральдық және орамішілік нөсер кәрізі желілерін пайдалану мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      60. Ведомстволық нөсер кәрізі желілерін пайдалану тиісті ұйымдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

      61. Су құбыры, кәріз, нөсер құрылғыларының, жүйелерінің, желілері мен құрылыстарының ақаулығына байланысты судың ағуынан көшелерді, ғимараттарды, құрылыстарды су басуға, көктайғақтың пайда болуына, сондай-ақ газондарға, тротуарларға, көшелерге және аула аумақтарына су тастауға, сорғызып алуға немесе төгуге жол берілмейді.

      62. Жаңбыр қабылдау құдықтарының торлары үнемі тазартылған күйде болады. Торлар мен құдықтардың өткізу қабілетін шектейтіндей бітелуіне, суға толып қалуына жол берілмейді. Нөсер кәрізінің қарау және жаңбыр қабылдау құдықтарын профилактикалық тексеру және оларды тазарту жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

      63. Қақпақтары немесе торлары бұзылған коммуникациялық құдықтарды бір сағат ішінде желілердің меншік иелері қоршайды, тиісті ескерту белгілерімен белгілейді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде көрсетілген мерзімдерде ауыстырады.

      64. Инженерлік желілердегі жоспарлы жұмыстар кезінде кәріз ағындарын ең жақын фекальды кәріз құдықтарына, су құбыры суын және жылу желілерінен суды - нөсер кәрізіне (ол болған кезде) тастау жүргізіледі. Жолға су тастауға жол берілмейді.

      65. Ағып кету салдарын жою зақымдалған инженерлік желілер иелерінің күшімен және есебінен орындалады.

      66. Нөсер кәрізі желілерінің ақаусыз техникалық күйін (оның ішінде люктерді, торларды уақтылы жабуды) пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді.

7-параграф. Бақша-саябақ жиһаздарын, бақша-саябақ жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп-ұстау

      67. Бақша-саябақ жиһаздарының, бақша-саябақ жабдықтарының және шағын сәулет нысандарының объектілері, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, күркелер, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, қалқалар, вазондар таза және ақаусыз күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

      68. Көктемгі кезеңде шағын сәулет нысандарын жоспарлы тексеру, оларды ескі бояудан, тоттан тазарту, жуу, сырлау, сондай-ақ сынған элементтерді ауыстыру жүргізіледі.

      69. Гүл вазалары мен қоқыс жәшіктерін тиісті жағдайда ұстау үшін мыналар қамтамасыз етіледі:

      1) зақымдалған элементтерді жөндеу;

      2) ағындылар мен балшықты кетіру;

      3) қоқыстарды, гүлдеп біткен гүлшоғырлар мен гүлдерді, қураған жапырақтарды кетіру.

      70. Қоршауларды (металл торларды) тиісті техникалық күйде ұстайды, ескі жабыннан тазартады және жылына кемінде бір рет сырлайды.

      71. Қысқы кезеңде бақша-саябақ жиһаздарының, бақша-саябақ жабдықтарының элементтері және шағын сәулет нысандары, сондай-ақ оларға баратын жолдар қар мен мұздан тазартылады.

      72. Субұрқақтардың жұмыс істеу кезеңінде су бетін қоқыстан тазарту күн сайын жүргізіледі.

      73. Субұрқақтарда сумылуға жол берілмейді.

      74. Күзгі-қысқы кезеңде субұрқақтардың жұмысы тоқтатылады және көктемгі-жазғы кезеңде оның тұрақты жұмыс істеуі үшін субұрқақты іске қосу кезінде уақытты қысқарту мақсатында оның бетін жабу, бекіткіш арматураны тексеру, сорғы жабдықтарын бөлшектеу және өзге де жұмыстар арқылы консервациялау жүргізіледі.

8-параграф. Уақытша құрылыстарды күтіп-ұстау

      75. Уақытша құрылыстарды орнату және пайдалану сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      76. Уақытша құрылысты жинағаннан кейін оның иесі бұрын уақытша құрылыс орналасқан жер учаскесін қалпына келтіреді және абаттандырады. Қажет болған жағдайда қоқыстан тазартады және бұрын иеленген учаскені рекультивациялауды жүргізеді.

      77. Уақытша құрылыстардың меншік иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар:

      1) оларды жөндеуді және сырлауды жүргізеді. Жөндеу жобалау құжаттамасында айқындалған сыртқы түрі мен түстік шешімін сақтауды ескере отырып жүргізіледі;

      2) іргелес аумақтағы жасыл желектердің, газондардың, бордюр тасының сақталуын қадағалайды;

      3) уақытша құрылыстардың жанына қоқыс жәшіктерін орнатады, қоқыс жәшіктерін қажеттілігіне қарай күні бойы, бірақ тәулігіне кемінде бір рет қалдықтардан тазартады.

      78. Уақытша құрылыстардың меншік иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға мыналарға жол берілмейді:

      1) жобаларда көзделмеген уақытша құрылыстарға, күнқағарлар, қалқалар және өзге де конструкциялар салуға;

      2) ыдыстарды, тауарларды, бөлшектерді, тұрмыстық және өндірістік сипаттағы өзге де заттарды күрделі емес объектілердің жанында және олардың шатырларында жинауға, сондай-ақ сауда жүзеге асырылатын, тұрмыстық қызметтер мен қоғамдық тамақтану қызметтері көрсетілетін күрделі емес объектілерді қойма мақсаттары үшін пайдалануға;

      3) уақытша құрылыстар арасындағы өртке қарсы үзілістерді жабдықтармен, қалдықтармен бөгеуге;

      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өту орындарын ескерту белгілерімен қамтамасыз етуге.

9-параграф. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін орындарды күтіп-ұстау

      79. Елді мекен аумағын абаттандыру саласындағы нормалар мен талаптарды сақтау бөлігінде құрылыс алаңдарын күтіп-ұстауды, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін абаттандыруды қалпына келтіруді тапсырыс беруші қамтамасыз етеді, егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе.

      80. Абаттандыру саласындағы нормалар мен талаптарды сақтау бөлігінде құрылыс алаңдарын күтіп-ұстау кезінде:

      1) құрылыс алаңының қоршауын таза және ақаусыз күйде ұстау, ақпараттық-баспа өнімдерінің, суреттердің, жазулардың, мыжылған жерлердің, ойықтардың, сынықтардың болмауын қамтамасыз ету;

      2) құрылыс алаңынан асфальт-бетон жабыны бар жолға дейін қатты жабыны бар кірме жолдарды жабдықтау;

      3) құрылыс алаңына іргелес ортақ пайдаланылатын аумақты пайдаланған жағдайда, осы аумақта орналасқан жол жабынының, тротуарлардың, жұмыс істеп тұрған сыртқы жарықтандыру желілерінің, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

      81. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бұзылған және ортақ пайдаланылатын аумақта орналасқан жол жабындары, тротуарлар, абаттандыру элементтері тапсырыс беруші тарапынан қалпына келтірілуге тиіс, егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе.

      82. Жолдардың ластануын болдырмайтын брезентпен немесе басқа материалмен жаппай топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, шөпті, ағаш кесінділерін тасымалдауға, сондай-ақ жолға, тротуарға, жол жиегіне немесе жолға іргелес газон жолағына төгілу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдамай құрылыс қоспалары мен ерітінділерін (оның ішінде цемент-құм ерітіндісін, әктас, бетон қоспаларын) тасымалдауға жол берілмейді.

10-параграф. Балалар және спорт алаңдарын күтіп-ұстау

      83. Балалар және спорт алаңдары:

      1) жазғы уақытта тегіс емес жерлерді құммен толтыра отырып, бетті жоспарлауға ие болады;

      2) жүйелі түрде сыпырылады;

      3) қысқы уақытта қардан тазартылады;

      4) тиісті техникалық күйде ұсталады және сырланады.

      84. Балалар және спорт алаңындағы қоршаулар мен құрылыстарды сырлауды жылына кемінде бір рет жүргізу керек.

      85. Балалар және спорт алаңдарын күтіп-ұстауды және олардағы қауіпсіздікті алаңдардың меншік иелері қамтамасыз етеді.

      86. Балалар алаңдарын транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысынан, жолдардан, бұрылыс алаңдарынан, қонақ тұрақтарынан, қоқыс жинағыштарды орнатуға арналған алаңдардан, автокөлік құралдарын тұрақты және уақытша сақтау учаскелерінен оқшаулау қажет. Балалар алаңдарына баратын жолдарды өткелдер мен көшелерден ұйымдастыруға жол берілмейді.

      87. Балалар алаңдарын реконструкциялау кезінде жарақаттануды болдырмау үшін алаң аумағында жер бетінен шығып тұрған тамырлардың немесе салбырап тұрған төменгі бұтақтардың, жер бетіндегі ескі, кесілген жабдықтар қалдықтарының (тіректер, іргетастар), жерге тереңдетілмеген металл секіртпелердің (әдетте турниктер мен әткеншектерде) болуын болдырмау қажет. Іргелес аумақтарды реконструкциялау кезінде балалар алаңдары жұмыс жүргізу және құрылыс материалдарын сақтау орындарынан оқшауланады.

11-параграф. Контейнерлік алаңдарды күтіп-ұстау

      88. Контейнерлік алаңдар – қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлік үшін кірме жолдары бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар. Қоқыстың аумаққа ұшып кетуіне жол бермеу үшін жоспарланады және орнатылады.

      89. Контейнерлік алаңдар – эстетикалық тұрғыда орындалады және қалдықтарды шығару мерзімдері, осы жұмысты орындайтын ұйымның атауы және алаңды күтіп-ұстау бойынша сапалы және уақтылы жұмысқа және қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруға жауапты тұлғаның байланыстары туралы мәліметтері болады.

      90. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін заңды тұлғалар мен лауазымды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үй иеліктерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 27 шілдеде № 28925 болып тіркелген) бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес контейнерлік алаңдарды орналастырады.

      91. Қоқыс контейнерлеріне және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерге арналған алаңдарды орналастыруды, күтіп-ұстауды және санитариялық жағдайын іргелес аумақты ескере отырып, иеленуші қамтамасыз етеді.

12-параграф. Үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдарды күтіп-ұстау

      92. Үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдар шағын ауданның және тұрғын ауданның ортақ пайдаланылатын орындарының жасыл желектерден бос аумақтарында орналастырылады.

      93. Үй жануарларын серуендетуге арналған алаң аумағындағы абаттандыру элементтерінің тізбесі қажет болған жағдайда: әртүрлі жабын түрлерін, қоршауды, орындықты, қоқыс жәшігін, жарықтандыру және ақпараттық жабдықты қамтиды.

      94. Алаң аумағында алаңды пайдалану қағидалары бар ақпараттық стенд көзделеді.

13-параграф. Автотұрақтар аумағын күтіп-ұстау

      95. Елді мекен аумағында автотұрақтардың мынадай түрлері көзделеді: автомобильдерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау, көше (таңбамен белгіленген жолдың жүру бөлігіндегі тұрақтар түрінде), көшеден тыс ("қалталар" және жолдың жүру бөлігінен шегіністер түрінде).

      96. Ортақ пайдаланылатын орындар мен аула аумақтарын жоспарлау кезінде көлік құралдарын газондарға қоюды мүмкін етпейтін физикалық кедергілерді қарастыру қажет.

      97. Орамішілік және аулаішілік жолдарда темірбетон блоктарын, бағаналарды, қоршауларды және басқа да құрылыстарды өз бетінше орнатуға жол берілмейді.

      98. Үй маңындағы аумақтарда мыналарға жол берілмейді:

      1) көлік құралдарын осы мақсаттар үшін көзделмеген орындарда, сондай-ақ тротуарларда, балалар ойын алаңдарында, абаттандыру орындарында және жасыл желектері бар учаскелерде, контейнерлік алаңдарда және оларға іргелес аумақтарда тоқтату және қою;

      2) бөлшектелген көлік құралдарының тұрағы.

14-параграф. Инженерлік коммуникацияларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу

      99. Мердігердің (бас мердігердің) кінәсінен жүзеге асырылған автомобиль жолдарының конструктивтік элементтері мен жабындарының, автомобиль жолдарын жайластыру элементтері мен объектілерінің, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының, көгалдандыру мен абаттандыру элементтерінің барлық зақымдануын ол толық көлемде жояды.

      100. Мердігер (бас мердігер) жұмыс жүргізу орнын қоршайды, құрылыс (реконструкциялау, жөндеу, күрделі жөндеу) объектісі туралы мәліметтер, тапсырыс беруші мен мердігердің атауы, жұмыстарды жүргізуге жауапты лауазымды адамның тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі, жұмыстарды жүргізу мерзімдері көрсетілетін ақпараттық қалқандарды орнатады.

      101. Инженерлік коммуникацияларды реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстар немесе топырақ пен қатты жабындарды ашуға байланысты жұмыстар, сондай-ақ авариялық жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды жүргізу кезінде бұзылған барлық абаттандыру элементтері мердігер (бас мердігер) тарапынан қалпына келтірілуге тиіс.

      102. Автомобиль жолдарының жол жабыны автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес қалпына келтіріледі.

      103. Абаттандырудың конструктивтік элементтері зақымдалған жағдайда, қалпына келтіру шағын сәулет нысандарын, арық жүйесін, инженерлік коммуникацияларды қоса алғанда, конструкцияны зақымдаған тараптың есебінен жүзеге асырылады. Жою кезеңі жетпіс екі сағаттан аспайды, қалпына келтіру мерзімі он екі сағатты құрайтын инженерлік коммуникацияларды қоспағанда.

4-тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстардың тәртібі

1-параграф. Елді мекендер аумағын тазалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      104. Күнтізбелік жыл бойы елді мекен аумақтарын күтіп-ұстау және тазалау жөніндегі жұмыстардың бағыты өңірдің климаттық жағдайларына байланысты маусымдық сипатта болады.

      105. Ғимараттардың (олардағы үй-жайлардың), құрылыстардың, соның ішінде уақытша құрылыстардың меншік иелері болып табылатын, сондай-ақ жер учаскелерін меншік құқығында иеленетін жеке және заңды тұлғалар үй маңындағы және іргелес аумақты тазалауды дербес немесе өз қаражаты есебінен аумақтарды абаттандыруға қатысушыларды тарту арқылы жүзеге асырады.

      106. Елді мекен аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде жинауға және орналастыруға жол берілмейді.

      107. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерге орналастырған тұлғалар өз есебінен осы аумақты тазартады және жинайды, ал қажет болған жағдайда жер учаскесін рекультивациялайды.

      108. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге орналастырған тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, өндіріс және тұтыну қалдықтарын шығаруды және қоқыс тастайтын аумақтарды рекультивациялауды осы аумақтарды тазалауды қамтамасыз ететін тұлғалардың есебінен жүргізіледі.

      109. Тұтыну қалдықтарын жинау және шығару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      110. Елді мекеннің ортақ пайдаланылатын орындарының аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын жағуға жол берілмейді.

      111. Көппәтерлі тұрғын үйлерден, жеке тұрғын үйден, сауда және қоғамдық тамақтану, мәдениет ұйымдарынан, балалар және емдеу мекемелерінен коммуналдық қалдықтарды шығаруды меншік иелері, көрсетілген ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша жүзеге асырады.

      112. Жөндеу кезінде пайда болған қалдықтарды шығаруды осы жөндеуді жүргізген тұлғалар осы үшін арнайы бөлінген орындарға өздігінен жүзеге асырады.

      113. Жөндеу кезінде пайда болған қалдықтарды қалдықтарды уақытша сақтау орындарына және контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      114. Егер жер учаскесінде, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайда жалға алу шарты немесе меншік иесімен өзге де келісім негізінде өзінің тұрмыстық және шаруашылық қызметін жүзеге асыратын қалдықтарды өндіруші қалдықтарды жинауды, шығаруды және кәдеге жаратуды дербес ұйымдастырмаса, осы қалдықтарды өндірушінің қалдықтарын жинау, шығару және кәдеге жарату жөніндегі міндеттерді жоғарыда аталған жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иесі жүзеге асырады.

      115. Көшелердің, алаңдардың, скверлердің және басқа да қоғамдық орындардың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануын болдырмау үшін қалдықтарды уақытша сақтауға арнайы арналған шағын көлемді сыйымдылықтар (қоқыс жәшіктері, бактар) орнатылады.

      116. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға арналған сыйымдылықтарды орнатуды, оларды күтіп-ұстауды және тазартуды тиісті аумақтарды тазалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүзеге асырады.

      117. Қоқыс жәшіктерін (бактарды) ақаусыз күйде ұстайды, қоқыстың жиналуына қарай тазартады, бірақ айына кемінде бір рет жуады және дезинфекциялайды.

      118. Контейнерлерден қоқыс тасушы көлікке түсіру кезінде төгілген өндіріс және тұтыну қалдықтарын контейнерлік алаңнан және оған іргелес аумақтан шығаруды қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлеріне жүргізеді.

      119. Троллейбус және автобус аялдамаларын тазалауды міндетіне осы аялдамалар орналасқан көшелер мен жолдардың аумақтарын тазалау кіретін ұйымдар жүргізеді.

      120. Соңғы троллейбус және автобус аялдамаларын, диспетчерлік пункттер аумақтарын тазалауды осы объектілерді пайдаланатын ұйымдар қамтамасыз етеді.

      121. Сауда объектілері орналасқан аялдамаларды тазалауды, егер шартта өзгеше белгіленбесе, іргелес аумақтар шекарасында сауда объектілерінің иелері жүзеге асырады.

      122. Су тарту колонкаларын пайдалануды және тиісті санитариялық-техникалық жағдайда ұстауды, оның ішінде оларды қоқыстан, мұз бен қардан тазартуды, сондай-ақ оларға қауіпсіз баруды қамтамасыз етуді колонкалар меншігінде болатын ұйым жүзеге асырады. Мұндай су тарту колонкасының меншік иесі болмаған жағдайда, көктайғақты жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырулар жүзеге асырады.

      123. Базарлардың аумағын және оларға іргелес аумақтарды тазарту және тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ - 73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген "Азық-түлік өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      124. Көпірлерді, жол өтпелерін, жаяу жүргіншілер өткелдерін, виадуктерді, оларға іргелес аумақтарды тазалауды, сондай-ақ коллекторларды, нөсер кәрізі құбырларын және жаңбыр қабылдау құдықтарын күтіп-ұстауды осы объектілерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

      125. Құйылатын жуынды төгетін орындардың құрылғыларын орнатуға, жуынды мен дәретті үйлер мен көшелердің аумағынан тыс жерлерге төгуге, өндіріс және тұтыну қалдықтарын көше жолдарына шығаруға жол берілмейді.

      126. Сұйық тұрмыстық қалдықтарды арнайы көлігі бар ұйымдарға шарт бойынша шығару қажет.

      127. Жер үсті және жер асты суларын аулалардан бұруға арналған суағар арықтарды, науаларды, құбырларды, дренаждарды тазартуды және тазалауды тиісті аумақтарды тазалауға жауапты аумақтарды абаттандыруға қатысушылар жүргізеді.

      128. Тротуарларға, газондарға, жолдың жүру бөлігіне су төгуге жол берілмейді, ал авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде су төгуге коммуникация иелерімен келісу бойынша және тасталған ағындыларды су бұру жөніндегі жұмыстарға жұмсалған шығындарды өтей отырып, жақын маңдағы фекальды немесе нөсер кәріз құдықтарына арнайы бұрулар немесе шлангілер бойынша ғана рұқсат етіледі.

      129. Иеліктен шығару жолағы шегінде (ойықтар мен үйінділердің еңістері, өтпелер, жолдар арқылы өтетін өткелдер) елді мекен шегінде өтетін теміржолдар осы құрылыстарды пайдаланатын теміржол ұйымдарының күштерімен және құралдарымен тазаланады және ұсталады.

      130. Электр беру желілерін, газ, су құбыры және жылу желілерін орналастыру және пайдалану үшін бөлінген аумақтарды тазалау көрсетілген желілер мен электр беру желілерін пайдаланатын ұйымдардың күштерімен және құралдарымен жүзеге асырылады.

      131. Қарау құдықтарын, жер асты коммуникацияларын тазалау кезінде топырақ, қоқыс, дәреттер тазарту жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың күшімен дереу шығарыла отырып, арнайы ыдысқа жиналады.

      132. Көшелерде тасталған, жол жүрісіне кедергі келтіретін заттарды жинауды тиісті аумақтарды тазалауға жауапты аумақтарды абаттандыруға қатысушылар жүзеге асырады.

2-параграф. Көше аумақтарын тазалауды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      133. Қала аумағын тазалау техникалық және санитариялық талаптарды негізге ала отырып, күні бойы тазалық пен тәртіпті сақтай отырып күн сайын жүргізіледі.

      134. Үй маңындағы аумақтарды тазалау негізінен жаяу жүргіншілер саны аз болатын ерте таңертеңгі және кешкі уақытта жүргізіледі.

      135. Тазалауды жүргізу кезінде үй маңындағы аумақтардан, тротуарлардан және орамішілік жолдардан тазартылатын қоқысты жолға ауыстыруға жол берілмейді.

      136. Өрт немесе оларды пайдалану мерзімінің өтуі салдарынан жарамсыз болып қалған тұрғын үй құрылыстары, сарайлар және басқа да құрылыстар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министринің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген) бекітілген Объектілерді постутилизациялау (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына сәйкес дуалмен қоршалады, олардың меншік иелері бөлшектейді және қоқыстан тазартады.

      137. Мұндай құрылыстарды тазалауды меншік иелері арнайы комиссия оларды жарамсыз деп таныған кезден бастап алты ай ішінде жүргізеді.

3-параграф. Қысқы кезеңде қалалар мен елді мекендердің аумағын тазалауды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      138. Қысқы кезеңде жолдар мен өткелдерді тазалау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      139. Жиналатын қар жергілікті атқарушы орган айқындайтын осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарға шығарылады.

      140. Көшелердегі және үй маңындағы аумақтардағы тазалау жұмыстарын жүргізу технологиясы мен режимдері ауа райы жағдайларына қарамастан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

      141. Елді мекен аумағын қысқы тазалаудың бірінші кезектегі іс-шараларына мыналар жатады:

      1) қарды тырмалау және сыпыру;

      2) жолдардың жүру бөлігін, ортақ пайдаланылатын аумақтарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

      3) кейіннен шығару үшін қар жалылын қалыптастыру;

      4) қиылыстардағы, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларындағы, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кіреберістердегі, орамішілік аумақтардан шығатын жерлердегі қар жалындарындағы алшақтықтарды орындау.

      142. Екінші кезектегі іс-шараларға мыналар жатады:

      1) қарды жою (шығару);

      2) қарды жүру бөлігінен алып тастағаннан кейін жолдың лоток маңындағы бөлігін тазарту;

      3) мұзды жару және қарлы-мұзды түзілімдерді тазалау.

      143. Жолдардың жүру бөлігінде қар тазалау жұмыстарын қар жауа бастаған бойда дереу бастау қажет. Ұзақ қар жауған және бұрқасын болған кезде қар тазарту және көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу циклдері қайталанады, бұл жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете.

      144. Көшелер, жолдар, тротуарлар қар жауып біткеннен кейін қырық сегіз сағат ішінде қардан және қарлы қатқақтан толық тазартылады.

      145. Жолдардан, көшелерден және өткелдерден қар шығару бірінші кезекте аялдама пункттерінен, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінен, көпірлер мен жол өтпелерінен, адамдар көп баратын орындардан (оның ішінде ірі дүкендер, базарлар, қонақүйлер, вокзалдар, театрлар), медициналық мекемелердің және әлеуметтік мақсаттағы басқа да объектілердің аумақтарына кіреберістерден қар жауып біткеннен кейін бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.

      146. Көліктің біржақты қозғалысы бар жолдарда, көшелерде және өткелдерде жолдың лоток маңындағы бөлігі бүкіл қысқы кезең ішінде бордюр тасына дейін үнемі қар мен көктайғақтан тазартылады.

      147. Қарды уақытша сақтау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстан тазартылады.

      148. Қар жауу және көктайғақ кезеңінде ортақ пайдаланылатын орындар, тротуарлар және елді мекен аумағындағы басқа да жаяу жүргіншілер аймақтары қардан тазартылады, көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді. Тротуарлардың бүкіл алаңын өңдеуге кететін уақыт қар жауа бастағаннан бастап алты сағаттан аспайды.

      Шағын сәулет нысандары, сондай-ақ олардың айналасындағы кеңістік пен оларға баратын жолдар қар мен мұздан тазартылады.

      149. Тротуарларда, жаяу жүргіншілер жолдарында және аялдама пункттерінде қар тазалау жұмыстары (механикаландырылған сыпыру және қолмен тазарту) қар жауып біткен бойда басталады. Ұзақ қар жауған кезде қар тазарту және көктайғаққа қарсы құралдармен өңдеу циклдері қайталанады, бұл жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

      150. Тротуарлар мен көпір құрылыстарының сатылы түсулері жаңа жауған немесе тығыздалған қардан (қарлы-мұзды түзілімдерден) жабынға дейін барлық ені бойынша тазартылады.

      151. Қар жауу кезеңінде тротуарлар мен көпір құрылыстарының сатылы түсулері көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді және жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін өту жолдары тазартылады.

      152. Люктердің, су құбыры және кәріз құдықтарының қақпақтары қардан, мұздан толық тазартылады және өрт гидранттарын тез пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталады.

      153. Көпірлер, жол өтпелері, түсулер, көтерілулер, қиылыстар, жаяу жүргіншілер өткелдері, қоғамдық көлік аялдамаларының кірме қалталары, шығатын автожолдар құм-тұз қоспасымен себіледі.

      154. Химиялық реагенттерді қолданған кезде оларды бөлудің белгіленген нормаларын ұстану қажет.

      155. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың шатырлары мен күнқағарларын қардан және мұздан тазарту қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет жерге тастау арқылы жүргізіледі. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың карниздерінде, шатырларында, күнқағарларында, балкондарында, суағар құбырларында және өзге де шығыңқы конструкцияларында қар және мұз сүңгілерін жою уақтылы, жаяу жүргіншілерге, тұрғын үйлерге, ғимараттарға, құрылыстарға қауіп төнуіне қарай, тасталған қар мен мұз сүңгілерін жаяу жүргіншілер жолдарынан, өткелдерден, тротуарлардан бір тәулік ішінде осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарға шығара отырып жүргізіледі.

      156. Жылымық басталған кезде қарды тастауды қысқа мерзімде жүргізу керек.

      157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар және мұз сүңгілерін жоюды мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқарған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері, не кондоминиум объектісін басқару субъектілері, не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.

      158. Шатырларды қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар және мұз сүңгілерін жоюды жеке тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.

      Шатырларды қардан және мұздан тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізер алдында азаматтардың, осы жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың және көлік құралдарының қауіпсіздігін, сондай-ақ ағаштардың, бұталардың, көшедегі электр жарығының әуе желілерінің, ақпаратты орналастыру құралдарының, бағдаршам объектілерінің, жол белгілерінің, байланыс желілерінің және басқа да объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін күзет іс-шараларын (қоршау, кезекшілер) жүргізу қажет, егер бұл объектілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылса.

      159. Ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалау кезінде құрамында химиялық реагенттер жоқ қарды жасыл желектердің сақталуы және тасқын сулардың ағып кетуі қамтамасыз етілген жағдайда осы мақсаттар үшін күні бұрын дайындалған алаңдарға уақытша жинауға рұқсат етіледі.

      160. Мыналарға жол берілмейді:

      1) жолдардың, көшелер мен өткелдердің жүру бөлігіне орамішілік, үй маңындағы аумақтардан, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, құрылыс алаңдарының аумақтарынан тазартылатын қарды шығаруға немесе ауыстыруға;

      2) ластанған қарды, сондай-ақ мұз сынықтарын газондарға, гүлзарларға, бұталарға және жасыл желектері бар басқа да учаскелерге тастауға және ауыстыруға;

      3) қарды ғимараттардың қабырғаларына және жылу желілерінің трассаларына жинауға.

      161. Орамішілік өткелдерді және үй маңындағы аумақтарды тазалау кезінде бірінші кезекте жаяу жүргіншілер жолдары, аулаларға өткелдер және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерді орналастыру орындарына кіреберістер тазартылады.

      162. Аулалардан және орамішілік өткелдерден жиналатын қар жасыл желектердің зақымдалуына жол бермей, көлік құралдарының жүруі және азаматтардың өтуі үшін бос орындар қалатындай етіп үй маңындағы және орамішілік аумақтарда жиналады. Қар жинауға арналған алаңдар күні бұрын дайындалады. Осы учаскелерден еріген суды нөсер кәрізі желісіне бұру қамтамасыз етіледі. Мұндай алаңдарды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде қар шығарылады.

      163. Қар ерігеннен кейін тротуарларды, орамішілік, үй маңындағы және іргелес аумақтарды, ортақ пайдаланылатын орындардың аумақтарын қысқы кезеңде пайда болған ластанулардан тазарту жүргізіледі.

4-параграф. Жазғы кезеңде қалалар мен елді мекендердің аумағын тазалауды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

      164. Тазалау жөніндегі негізгі іс-шараларды орындау мерзімділігі ауа райы жағдайларын және көшелердің маңыздылығын (санаттарын) ескере отырып реттеледі.

      165. Жазғы тазалау кезеңінде жұмыстардың мынадай түрлері жүргізіледі:

      1) жолдардың жүру бөлігін, тротуарларды, үй маңындағы аумақтарды сыпыру, жуу және суару;

      2) қоршаулар мен бордюр тасын балшықтан тазарту, жуу, сырлау;

      3) жолдың лоток маңындағы бөлігін тазарту;

      4) газондарды, гүлзарлар мен клумбаларды қоқыстан, бұтақтардан, жапырақтардан, құрғақ шөптерден, гүлдеп біткен гүлшоғырлардан және құмнан тазарту;

      5) қоқыстарды рұқсат етілген жинау, залалсыздандыру және кәдеге жарату орындарына шығару;

      6) үй маңындағы аумақтардан, соның ішінде жеке құрылыс үйлеріне іргелес аумақтардан қоқыс тазалау;

      7) шөп шабу.

      166. Жапырақ түсу кезеңінде жолдардың жүру бөлігінен, ортақ пайдаланылатын орындардан, іргелес, үй маңындағы аумақтардан түскен жапырақтарды тырмалау және шығару жүргізіледі. Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың діңгектеріне қарай тырмалауға жол берілмейді.

      167. Қалалық аумақтарды сыпыру мынадай түрде жүргізіледі:

      1) тротуарларды - күн сайын күні бойы ластанудың жиналуына қарай;

      2) үй маңындағы аумақтарды - күн сайын күні бойы қажеттілігіне қарай;

      3) өзге аумақтарды, оның ішінде ортақ пайдаланылатын орындардың, іргелес аумақтардың аумақтарын - тазалықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, ластанудың жиналуына қарай.

      168. Жолдың жүру бөлігін, тротуарларды, кірме жолдарды, үй маңындағы аумақты суару мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) ауа температурасы Цельсий бойынша 25 градустан жоғары ыстық ауа райында микроклиматты жақсарту үшін;

      2) шаңдануды азайту үшін қажеттілігіне қарай.

      169. Аялдама пункттері топырақ-құм шөгінділерінен, түрлі қоқыстардан толық тазартылады және жуылады. Тазалау жаяу жүргіншілердің қозғалысы ең аз және жолаушылардың жиналуы ең аз сағаттарда жүргізіледі.

      170. Темірбетон блоктарынан жасалған бөлу жолақтары бүкіл беті бойынша құмнан, балшықтан және ұсақ қоқыстан тазартылады. Газондар түрінде орындалған бөлу жолақтары қоқыстан тазартылады.

      171. Металл қоршаулар, жол белгілері мен көрсеткіштер жуылады.

      172. Жаңбыр суының тоқтап қалуын болдырмау үшін люктердің қақпақтары мен жаңбыр қабылдау құдықтарының келтеқұбырлары үнемі сыпырындылардан және басқа да ластанулардан тазартылады.

      173. Шөп шабу кейіннен шығарыла отырып жүргізіледі.

      174. Жапырақ түсу кезеңінде түскен жапырақтарды уақтылы тазалайды және арнайы бөлінген учаскелерге немесе компосттау алаңдарына шығарады.

      175. Жазғы тазалауды жүргізу кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) қоқысты жасыл желектерге, инженерлік желілердің қарау құдықтарына, өзендер мен су қоймаларына, жолдардың жүру бөлігіне және тротуарларға тастауға;

      2) жолдың жүру бөлігін жуу кезінде су ағынымен сыпырындылар мен қоқысты тротуарлар мен газондарға шығаруға;

      3) карантиндік зиянкестер мен аурулар жұққан өсімдіктердің бөліктерін кесуді және ұйымдасқан түрде жағуды қоспағанда, от жағуға және қоқысты, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жағуға;

      4) су құбыры, кәріз және жылу желілеріндегі аварияларды жою кезінде жолдың жүру бөлігіне суды сорғызып шығаруға.

      Бұл ереже жарнама саласындағы құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады