Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Құсайын |
| Солтүстк Қазақстан облысы | |
| Аққайың ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 07 қыркүйектегі | |
| № 254 қаулысына | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
3) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты айқындау және бағалау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) мемлекеттік мекеменің жоғары немесе орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) ассистент;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
8) бас бухгалтер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, режиссер, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі санатсыз мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі мамандары – дыбыс режиссері.