Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 8-21-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 20 қарашадағы № 8-21-2 Айыртау аудандық мәслихаты шешіміне 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Әбілқайырова |
| Айыртау аудандық мәслихатының | |
| 2026 жылғы "14" шілдедегі № 8-48-2 | |
| шешіміне 6-қосымша | |
| Айыртау аудандық мәслихатының | |
| 2024 жылғы "20" қарашадағы № 8-21-2 | |
| шешіміне қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің С (әкімшілік персонал), D (Қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды) блоктарына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ р/р | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1. | Жүргізуші | 100% |
2. | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | 50% |
3. | Кадрлар жөніндегі инспектор | 50% |
4. | Заңгер | 50% |
5. | Күзетші | 50% |
6. | Тазалықшы | 50% |
7. | Аула тазалаушы | 50% |